Талай әншіні жұлдыз етіп, ұясынан ұшырған Баян Есентаеваның өзінде әншілікке деген қабілеті бар ма? Жергілікті караокелердің бірінде ән салған атышулы Есентаева сынның астында қалды.
Ән салған видеосын әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында жүктеген болатын. Бірақ, бұнысынан кейін өкінген де секілді. Себебі, атағына қарамастан, “ұстаздан шәкірт озар” деген мақал ұстаздың ән салғанынан -ақ байқалып тұр. Бұған дейін Мақсатқызының өзі 20 жасында ән айтқан видеосын жариялап: “Неге ән айттың, Баян?” – деп өзін сынға алған болатын. Осыдан кейін де продюсер оқырмандары әншілік қабілетіне күмәнмен қараған еді.
Желідегі видеосы бір тәулектен соң өшірілсе де, бір қолданушылар оны ютуб сайтына жүктеп қойыпты. Әнді қалай айтқандығын сіз де бағалаңыз!
Мақала ВК-дағы «Атамның басы-ай» тобында талқылануда