Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Амина Алагөзова мен Айсәуле Бақытбек: Болашақ апалы-сіңілілер қалай тұрады? (фото)

452

Айсәуле Бақытбек 1996 жылдың 22 мамырында дүнеге келген. Қазірде Дубайдағы америкалық университетінде білім алуда. Инстаграм желісінде өзінің ойлары мен өмірінде қызықты сәттерін белсенді түрде бөлісіп отырады.

“Мен инстаграм желісін адамдар мұнда өзінің позитивті көңіл күйімен, тәжірибесімен бөлісетіндігі үшін ұнатамын. Себебі, кейде жақындарыңнан гөрі, 100 мың бейтаныс адамға мұңынды жайып, ашыла салу-оңайырақ. Бірақ мұндай  зат менімен ғана болады ма, білмеймін, және ол маңызды да емес. Сонымен, менің айтқым келгені: сіздер менің қызықты өмірімді, әдемі киімдерім мен сыйлықтарымды көріп, бақылап отқандарыңызға қуаныштымын. Бірақ, олар сіздердің объективті тұрғыда пікір айтуға кедергісін келтірері анық”.

“Маған ешқашан ештеңеге шағымдануға болмайды. Ата-анам маған керемет өмір сыйлап жатыр,  бірақ, оқырмандар, мен де жігітіммен ұрысқанда қобалжып, жақындарымның үмітін ақтай алмай қалам ба деп қорқамын…  Мен күнде тамақ та дайындаймын, еден де жуамын, сабақ та оқимын, электрлік шоттар келгенде мен де қоқып кетем, бірақ, мұның сіздерге білудің қажеті не? Мен парақшамда әдемі жазбалар мен суреттер қалғандығын қалаймын. Сіздерге көргенге жақса, маған парақшама кіріп, керемет естеліктерді есіме түсіргенге жақсы”,- дейді Айсәуле.

https://kaz.365info.kz/zhykti-bop-khalypty-ajsaule-bakhytbektin-amerikaga-nege-ketkeni-belgili-boldy-282850

Амина Алагөзова 1991 жылдың 17 қазанында дүниеге келген. Манчестор университетінде білім алған. “ТуысқанБардың” ортақ құрылтайшысы, алматылық it-girl және «Galanz Bottlers” кампонияларында финансист маманы болып жұмыс атқарған. Таза ауада жүріп, дайвингпен айналысқанды ұнатады.

ELLE журналына берген сұқбатында Тұрсынғали Алагөзовтың қызы өзінің жеке тұлға болып қалыптасуына анасының ықпалы көп екендігі жайлы айтқан:

“Маған анам қатты әсер етті. Англияға ұшып, маған көптеген киім алып келіп бергенде мен 4 жаста едім. Анам кішкентай балаларды киіндіргенді ұнататын. Тіпті мектепке барлығы шаштарын өріп,мектеп формасын киіп жүргенде, мен шашымды жайып, түрлі көйлектер киіп жүретінмін”.

https://kaz.365info.kz/zhartylaj-zhalanash-zhyr-ajsaule-bakhytbek-yyat-degennin-ne-ekenin-korsetti-foto-279742

“Қазірге дейін анамның 90-жылдары алған күртешесін киіп жүремін. Сол замандағы суреттерін ақтарып, қарағанды ұнатамын. Анам мен үшін- үлгі аларлық сәнқойлардың бірі.  Құдды Кейт Мосс сияқты. Оны 90-жылдары барлығы неге жақсы көргендігін түсінбейтінмін, себебі мен оны  ұсқынсыз, әдемі емес әйел ретінде көретінмін. Тек Англияға оқуға барған сәтте, менің ішімдегі көзқарастар өзгеріп, оны жақсы көре бастадым. Бойжеткен кезімде бірде классиканы ұнатсам, бірде рэперлерді ұнататынмын. Ол мені өзгертуге тырыспайтын және күліп қана бұл кезеңнің де өтіп кетерін айтқан”, деп еске алды Амина Алагөзова.

https://kaz.365info.kz/syjiktimnin-zhanynda-lazzat-alamyn-ajsaule-bakhytbek-ne-dejdi-270142

Айсәуле Бақытбектің инстаграм желісінде жариялап тұратын сүйіктісі бар, ал Аминаның жеке өмірінде не болып жатқандығы әзірге беймәлім.

Ақпарат көзі: nur.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз