Бес америкалық штат АҚШ президенті Дональд Трамптың жаңа жарлығының Конституцияға сәйкес келетініне күмән келтіріп, сотқа берді. Жаңа жарлыққа сәйкес, Дональд Трамп алты мұсылман елдің азаматтарына еліне кіруге уақытша тыйым салған.
Вашингтон штаты бас прокуроры Боб Фергюсон Орегонның хабарлауынша, ол Сиэтлдегі федералды соттан жаңа жарлыққа да тыйым салуды сұраған. Оның пікірінше, алдыңғы және соңғы құжат та Конституцияға қайшы келеді, мигранттарды діни сеніміне байланысты алалайды. Боб Фергюсон жаңа жарлық елге экономикалық жағынан зиян әкеледі деп есептейді.
Жарлыққа алғашқы қарсылықты Гавайи штаты білдірген. Гонолулу аудандық соты шағым бойынша сотты 15 наурызға белгіледі. Жаңа жарлық 16 наурыздан бастап күшіге енуі тиіс.