Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Америкалық студентті таңдандырған Алматының Барахолкасы

814

Жалпы Америкада базарлар жоқ, мен оларды алғаш рет Алматыдан көрдім. Бұл мен үшін жаңа нәрсе болды, мен бұл өмірде көпті көрмегенімді түсіндім.

Бұны ішіп-жеуге бола ма?

Базарға кіргенде сиқырлы кәріс салаттары мен қымыз әлеміне тап болғандай әсер алдым. Мені мазалаған ең басты сұрақ: Бұл не және осы салаттар мен қымызды неден жасайды? Мен қымыз деген не екенін білгенде, қандай жағдайда болғанымды жақсы білемін. Шок.

«Қымыз деген қазақша сүт шығар? Жоқ?.. Онда не?… Мен дұрыс түсіндім бе?.. Қалай?.. Мүмкін емес!!! Жоқ!»

Жалпы қымыз өте тәтті, Америкада  болмағаны өкінішті

Мен болашақта АҚШ-та қымыз өндіретін зауыт ашамын. Менің миллионер болатыным сөзсіз.

Жол табу қиын

Америкада базарлардың орнына супермаркеттер бар. Олар өте үлкен болса да, өзіңіз сатып алғыңыз келетін затты оңай әрі тез тауып аласыз. Ал Алматылық базарларда мен абыржып, қайда жүргенімді білмей қаламын. Мен соңғы рет базарда болған кезден бастап, бірнәрсе өзгеріп кеткен секілді. Ненің өзгергенін түсіне алмай дал боламын, тура бір Гарри Поттердің Хогвартстағы баспалдақтары секілді. Мен өзіме не керегін және оны қайдан алатынымды нақты білетін секілді болғанымен, бірнеше сағат бойы жүремін.

«Мен бұл дүңгіршекті көрген секілдімін… әлде ол емес пе? Бұл әйел басқа жерде кептірілген жемістер сатып тұрған секілді еді ғой… әлде басқа зат па? Мүмкін бұл мүлдем басқа әйел шығар? Гамбургерлерді табу неге соншалықты қиын болып кетті?

Базарлар фермерлердің базарына қарағанда әлдеқайда жақсы

Базарларды америкалық фермерлердің базарларымен салыстыруға болады. Соңғы уақытта олар әсіресе хипстерлердің арасында сәнге айналды.

Мен өз отанымды жақсы көремін. Мен патриотпын. Бірақ біздің фермерлік базарлар қазақстандық базарларға қарағанда әлдеқайда нашар. Егер салыстыратын болсақ,

америкалық базар — қазақстандық базардың кіші, әлсіздеу және көріксіз інісі

Бұған қоса, әлгі інісі өте мазасыз және өзін ең жақсысы деп ойлайды. Ал ең жаманы — ол қымыз туралы білмейді.

Лас және қауіпті ме?

Менің жергілікті таныстарым, менен не үшін барахолкаға барасың деп сұрайды. Ең бастысы олар бұл шетелдіктер үшін ең лас және қауіпті жер деп ойлайтын секілді. Шынымен бе?

Әрине Америкада барахолка жоқ, бірақ бізде Walmart бар. Онымен салыстырғанда барахолканы жердегі жұмақ деуге болады.

Түсіндіріп көрейін.

Әрбір Walmart-тың көлемі өте үлкен. Онда америкалыққа керекетінің бәрі бар: гамбургерлер, америкалық тудың суреті бар ішкиім, ковбойдың шляпасы, сыра және қару (қалжыңсыз).

Қарапайым дүкендегі атыс-шабыстар төтенше жағдай болғанымен, Walmart-та бұл әдеттегі жағдай.

Шынымды айтсам, бір кездері мен сол жерде жүрген шошқаны көрдім. Мен жұмысшыдан, ол мұнда не істеп жүр деп сұрағанымда, ол шошқа үш күн бойы жүр, оған кедергі келтірме деп жауап берді.

Менің бауырларым өте көп!

Мен Қазақстанға келер кезде, отбасымды сағынармын деп уайымдаған едім. Бірақ мұның бәрі бекер екен. Бұнда туыстарым өте көп екен, олардың бәрі жерде базарда жұмыс істейді.

Менің ата-анам Қазақстанға қашан келіп үлгергенін білмеймін, бірақ барахолкада да, Көк базарда да менің бауырларым өте көп. Бөтен еркектердің барлығы маған бауырым деп, тек маған ғана ерекше жеңілдіктер жасайды.

Менің ойымша барахолканы біздің отбасымыздың құрметіне «Махерград» деп өзгерту керек секілді.

Араласқанды өте қатты жақсы көреді

Адамдар сауда жасап, кетіп қалатын Америкалық супермаркеттермен салыстырғанда (Walmart-тан басқасы),

базарлардағы сатушылармен әңгіме-дүкен құру сервистің бір бөлігі ретінде тауардың құнына кіреді

Мүмкін адамдарға менімен сөйлесу ұнайтын шығар.

Қалай болғанда да бір сатушы (айтпақшы ол да менің «бауырым») маған ұстаздық еткісі келді. Менің орыс тілін үйреніп жүргенмен, орысша боқтық сөздерді білмейтінімді естіп, бұның орнын толтыруды ұсынды. Біздің туыстық қатынасымызды ескере келе, отбасылық сауда бизнесіне кіру туралы ұсынстан әрең бас тарттым.

Жас ет

Америкада тек салқын және мұздатылған ет аламыз. Сол себепті Көк базардан салқындатылмаған етті көргенде қатты таңғалдым. Малды көз алдыңда мүшелейді. Ол кезде орыс тілін өте жақсы білмейтінмін, сондықтан танысыма: « Мен сиырлар салқынды жақсы көреді деп ойлайтын едім» (А я думал, что коровы любят холодно) деп айттым.

Бағалары

Неліктен тауарлардың бағасы көрсетілмейді? Мен жаман орысшаммен қандай да бір заттың бағасын сұрағанда, сатушы «Сен қайдансың?» деп сұраққа сұрақпен жауап береді. Ал менің қайдан екенімді білгенде, жерден алтын тапқандай езулеріне күлкі үйіріледі. Олардың бұл қылығы мені өте таңдандырады.

Айтпақшы, маған жергілікті таныстарым тауарларды  қалалық дүкендермен салыстырғанда базарда әлдеқайда арзанырақ сатып алуға болады дейді. Менің ойымша, олар менімен әзілдесетін секілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз