Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Америкалық бойжеткен он минуттың ішінде миллионер атанды

26-жасар Эллен Флеминг 18 шілде күні TD Ameritrade компаниясының қызметкерінен дауыстық хабарлама алды. Оның бұл компанияда есепшоты болған көрінеді. Компания қызметкері жіберген хабарламада бойжеткенге есепшотқа ақша салу туралы айтылған. Ештеңені түсінбей, мобильдік қосымшаны қосып, шотты тексерген Эллен ондағы миллион долларды көріп таңғалды.


Флеминг қателікпен аударылған есепшоттағы ақшаны құпия ұстағысы келгенін мойындады. Ол бұл қаражатпен оқуын төлеп, қарыздарын қайтарып, жұмыс істемей-ақ жүре берер еді.

“Кез-келген мүмкіндікті пайдаланып қалу керек. Бірақ бұл мүмкіндік мені түрмеден бірақ шығаруы мүмкін. Бұл оған тұрарлық емес”, – деді ол.

Бойжеткен алдымен есепшотына қателікпен аударылған миллион доллар туралы анасымен сөйлесіп, содан кейін TD Ameritrade компаниясына хабарласып, жүйеде қандай да бір қателік кеткені туралы айтты. Ал, олар

ол ақшаның Флоридада тұратын 26 жастағы Флемингпен аттас компанияның басқа клиентіне арналғанын түсіндірген.

Он минуттан соң жүйедегі қате түзетілді. Бойжеткеннің шотында тек 63 доллар ғана қалды. Алайда, Флеминг бұны әзіл ретінде қабылдап, мүмкіндікті пайдаланбағанына еш мойымады.

“Өтінемін, қазанамада мені кезінде миллионер болған Эллен Флеминг деп атағанын қадағалаңыздаршы”, деп әзілдеді бойжеткен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз