Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Америкаға барып, “крутой” боп кетіпті”. Айнабұлақтағы достарым менімен осылай мақтанса деп мақсатыма ұмтылдым (видео)

210

Туынды бишінің өмірбаянына негізделіп түсірілген. Белгілі өнерпаз Дмитрий Ким шетелді бағындыру жоспарын Ресейден бастайды. Кейін Америкаға сапар шегеді.

Америкада өзінің талантының арқасында танылып, енді келісімдерге қол қоюға болады деп жүргенде қайғылы жағдайға душар болады. Салдарынан жас жігіт бір аяғынан айрылып қалады.

«Бұл жұмысым алдыңғылардан гөрі өзгеше. Мен Дима туралы биыл наурызда білдім. Достарым Facebook парақшасындағы посттарын маған жіберіп тұратын. Оның оқиғасымен мұқият танысқан соң қалың ойға баттым. Ертеңіне Лос-Анджелеске билет алып, Димамен кездестім.

Екеуміз бірге жұмыс істей бастадық. Кейін мен Алматыға кеттім. 2 айдан соң қайтып бардым. Дмитрий осы аз ғана уақыт аралығында адам сенгісіз нәтижелерге қол жеткізгенін көрдім», – деді режиссер Қанат Бейсекеев.

Қанаттың айтуынша, алғашында Дмитрий өзінің қандай қиын жағдайды басынан кешкені туралы көп айтқысы келмейтін.

«Монологты бірінші дубльден жазуымызды өтінетін. Мен түсіністікпен қарадым. Кез келген адам өткенін айтқысы келмейді. Фильм түсірілімі барысында екеуміз достасып кеттік», – деді ол.

Деректі фильмнің ұзақтығы – 15 минут. Монтаждау жұмыстары Алматыдағы премьера болатын күні таңертең аяқталған. Жақын арада Лос-Анджелестегі орыс тілді аудиторияға көрсетіледі. Олардың арасында алғаш рет бас кейіпкердің өзі тамашалайтын болады.

Youtube арнасына 1 айдан соң орналастырылады.

«Осындай оқиғалар көп адамды қайырымдылыққа үндейтіні сөзсіз. Басыңа не түссе де қоғамның аяушылығына тұрмайтын нәрсе екенін түсіну керек. Диманың тарихы – ғажап дүние. Оның өмірге деген құштарлығы, күрескерлігі мені тәнті етті», – деді Қанат Бейсекеев. Болашақта кинорежиссер ауыл мектебі туралы фильм түсіруді жоспарлап отыр. «Толық метражды фильм түсіруге құлқым жоқ. Мені тек отандастарымның шетелдегі жетістіктері қызықтырады. Олар шетелдік болса да көп жетістікке жетіп жатыр. Бұл олардың патриоттық сезімі», – деді режиссер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз