Америка киноакадемиясының “Оскар” сыйлығының иегерлері белгілі болды.
Үздік режиссура үшін жүлде мексикалық Альфонсо Куаронға «Рома» драмасы үшін берілді. Үздік актер номинациясында “Богемия рапсодиясы” фильмінде басты рөлді сомдаған Рами Малек жеңіп алды. Ал екінші пландағы үздік актер жүлдесін америкалық Махершала Али “Жасыл кітаптағы” рөлі үшін иеленді.
Үздік актриса деп британиялық Оливия Колман танылды. Ол «Фаворитка» фильмінде ойнаған еді. Екінші пландағы үздік актриса номинациясы бойынша Реджина Кинг “Егер Бил-стритке тіл бітсе” фильміндегі рөлі үшін марапатталды.
Лауреаттардың тізімі келесідей:
Үздік түпнұсқа сценарий – “Жасыл кітап”
Үздік бейімделген сценарий – “Қара нәсілді Ку-клукс-кландық”
Үздік анимациялық толықметраж фильм – “Өрмекші-адам: Өрмекшілер әлемінде”
Шет тіліндегі үздік фильм – “Рома” / “Roma” (Мексика)
Үздік фильм музыкасы – «Қара пантера», композитор: Людвиг Йоранссон
Үздік ән – “Shallow” (“Жұлдыз туды“)
Үздік монтаж – “Богемия рапсодиясы”
Үздік оператор Альфонсо Куарон (“Рома” / “Roma”)
Үздік қоюшы-суретші – “Қара Пантера”
Үздік костюм дизайны – “Қара Пантера”
Үздік дыбыс (sound mixing) – “Богемия рапсодиясы”
Үздік дыбыс монтажы (sound editing) – “Богемия рапсодиясы”
Үздік визуал эффектілер – “Бірінші адам”
Үздік грим және шаш үлгісі – “Орынбасар”
Үздік деректі фильм – “Еркін жалғыз” / Free Solo”
Үздік деректі қысқаметраж фильм – “Кезең. Ұсыныстың соңы / Period. End of Sentence”
Үздік қысқаметраж фильм – “Скин” / “Skin”
Үздік анимациялық қысқаметраж фильм – “Бао / Bao”