Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

«AMANAT» партиясы әйелдер кәсіпкерлігін дамытып келеді

Әйелдер көшбасшылығын дамыту және заңнамалық қолдау

Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарының II республикалық форумында билік органдарында әйелдердің үлесі артқанын және олардың бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті. Бүгінде партия мүшелерінің 60%-ға жуығы – әйелдер. Ерлан Қошановтың айтуынша, «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты белсенді әйелдер үшін маңызды алаңға айналды. Бұл құрылым олардың пікірін естуге, идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, партияның Әйелдер қанаты заң шығару процесіне белсенді атсалысып келеді. Мәселен, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобасын әзірлеу кезінде олардың ұсыныстары ескерілді. Нәтижесінде, қылмыстық құқық бұзушылықтар саны азайып, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы шағымдар үштен бірге қысқарды. Елімізде 69 дағдарыс орталығы мен баспана ашылды.

Бұған қоса, Мәжілісте талқыланып жатқан психологиялық қызмет туралы заң жобасына да Әйелдер қанатының ұсыныстары енгізілді. Сонымен қатар, Ерлан Қошанов әйелдердің құқықтарын бұзғаны үшін жазаны күшейту қажеттігін айтты. «Қалыңдық ұрлау» дәстүрін желеу етіп, қыздарды еркінен тыс некеге тұрғызу мәселесіне ерекше назар аударылып, бұл әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды. Депутаттар осыған байланысты Әйелдер қанатынан да қосымша ұсыныстар күтетінін жеткізді.

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және жаңа міндеттер

Мәжіліс Спикері Әйелдер қанаты алдында тұрған жаңа міндеттерді де белгіледі. Атап айтқанда, «Tomiris» жобасының ауқымын кеңейтіп, болашақ көшбасшыларды университет қабырғасынан бастап дайындау қажет. Ол үшін жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатылып, саясаттану және әлеуметтік мамандықтардың әлеуетін арттыру көзделіп отыр.

Сонымен қатар, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Жиналғандар өз өңірлеріндегі жобалар туралы баяндап, маңызды ұсыныстарын ортаға салды.

• Ақтөбе облысынан Күлпаршын Айдарханова ауыл жастарына өз кәсібін бастауға көмектесетін «ДЕМ» жобасын таныстырды.
 • Жамбыл облысынан Әмина Қайназарова жаңа кәсіп бастаған әйелдерге 3-5 жылға салық жеңілдіктерін енгізуді ұсынды.
 • Атырау облысынан Рафиғат Тәжиденова кәсіпкерлер үшін жер телімдерін бөлу тәртібін жеңілдету және бос тұрған үйлерді коммерциялық нысандарға айналдыру қажеттігін айтты.
 • «IteachMe» қорының директоры Захира Бегалиева цифрландыру мүмкіндіктері туралы айтып, оның ерекше қажеттіліктері бар адамдарға үйден жұмыс істеуге көмектесетінін жеткізді.
 • Петропавлдық «Sensitive» ансамблінің көркемдік жетекшісі Ольга Ростовщикова есту қабілеті төмен балаларды әлеуметтендіру жобалары туралы бөлісті.
 • Шығыс Қазақстан облысынан 30 жылдық мемлекеттік қызмет тәжірибесі бар Галина Пахомова адамдармен жұмыс істеу және күрделі жобаларды жүзеге асыру тәжірибесін ортаға салды.

Жиында сөз алған Конституциялық Сот Төрағасы Эльвира Азимова, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Конрад Аденауэр қоры өкілдігінің директоры Виктор Франк әйелдер көшбасшылығын дамытудың маңыздылығына тоқталды. Ерлан Қошанов әйелдердің экономикалық, саяси және әлеуметтік өмірге белсенді араласуына жағдай жасау қажеттігін атап өтті. «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты бұл бағыттағы бастамаларды жалғастырып, әйелдер кәсіпкерлігі мен көшбасшылығын дамытуға одан әрі ықпал етпек.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз