Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Аман Тасыған: “Мейрамбектің шын бейнесін көрсеңіз шошып кетесіз” (видео)

1020

Шынайы бет бейнесін көрген кезде әлеуметтік желідегілер қабылдай алмады.

https://kaz.365info.kz/zhalanashtardy-khyrtamyn-mejrambek-bespaev-ne-dejdi-273992

Біз өкінішке қарай, сен екеуміз отырған үстелдің табиғи ағаштан жасалғанын қабылдай алмаймыз. Оны орманның ішіндегі кәдімгі ағаш екенін айтса, «Өңделген, әдемі, басқаша ғой. Бұл қалай жәй ғана ағаштан жасалады» — деп сенбей жатамыз. Әдемілікті, жасандылықты қатты насихаттап жібереміз. Осының кесірінен кей кезде шынайы сырласатын адам таппай қаламыз. Жасандылық жайлап кетті. 

https://www.youtube.com/watch?v=Ole-cBFQ3ws

“Қалаулым” туралы

Соңғы уақыттары Youtube желісінде TalkLike жобасын қолға алдым. Ол жерде белден төмен әңгіме жиі айтылады.

 Бұл стратегиялық, мақсатты түрде жасалып отырған қадам.

https://kaz.365info.kz/mejrambek-bespaev-ninety-one-zhigitterin-koshedegi-bes-adamnyn-ekeui-yryp-ketkisi-keledi-274076

Менің белден төмен сұрақ қоятын сұхбатымның өзіндік сыры бар. Осы жерде «Қалаулым» бағдарламасына қатысты бір ғана нәрсе айта аламын. Оның дәл осындай рейтингке ие болуына телеарна басшылары тікелей кінәлі. Себебі, 2000 жылдары сіз екеуміз бала болып жүргенде жастардың өзі қатыса алатын, ойын айта алатын көптеген бағдарлама болды. Атап айтар болсам, «Мың бір мақал», «XXI ғасыр көшбасшысы», «Азамат» пікірталас клубы, «Алтын сақа» интеллектуалдық ойыны. Ал қазір ше?

Жастарға арналған «Қалаулымнан» басқа қандай бағдарлама бар?

 Қалаулымның дәл осылай көрерменнің қызығушылығына іліккендігінің бірінші мәселесі – осы. 

 

Замира жайында 

Интернеттегі жобам – TalkLike деп аталады. Мен сұхбатымды Қабдеш ағадан бастасам болар еді. Ғажап сұрақ қойып, керемет, көркем жауап алар едім. Десек те оны аз адам көретін болады. Өйткені қазіргі көрерменнің қалауы басқа. Осыдан екі күн бұрын Тұңғышбай ағаның сұхбаты шықты.

Бірақ бағдарламаны Замирадан бастамағанда оны ешкім көрмейтін еді.

Саналы түрде құрбандыққа бардым. 

“Белден төмен сұрақ қоюдан басқаны білмедің бе?” дейді желідегі жұрт. 

 Кешіріңіз, сонда сіз Замираға бұдан өзге қандай сұрақ қоясыз?

Саяси-экономикалық маңызы бар сұрақ қоясыз ба? 

https://kaz.365info.kz/yyat-ta-bolsa-video-khojyp-otyrmyn-belgili-zhurnalist-kyjinip-ketti-18-299420

 Мысалы мен өнер майталмандарына, Тұңғышбай ағаға дәл сондай белден төмен сұрақ қойсам, ол кезде мені табанға салып, таптауға да болады. Бірақ мен олай жасап жатқаным жоқ.

Сауатты дүние жасағың келеді. Десе де оны қоғам қабылдамайтын болып кетті. Жұртқа «Неге Замирамен сұхбаттастың?» деген қызық болып тұр.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=srb1rXO_kb8

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз