Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Араша түскен америкалықтарға айтылған уәж: «Қызды алып қаша берсін. Бұл – ұлттық дәстүр ғой!»

376

14446223_336879516660626_6421167289409732311_n

Роза Ғұбарова

Қордай аудандық ішкі істер басқармасына жазылған арыз да еш нәтиже бермеген. Полицияның жедел өкілетті уәкілдері бойжеткеннің ата-анасына қыздары өз еркімен тұрмыс құрғысы келетіні туралы өз қолымен жазған-мыс қолхатын көрсеткен.

Сөйтсек, осы қолхат полицейлерге бойжеткенді мүлдем іздемеуге негіз болыпты

олар, тіпті, бойжеткеннің тұрмыс құру жөніндегі шешімді өз еркімен қабылдағанын анықтауға да басын ауыртпапты.

— Біз шу көтергеннен кейін полицияға Розаға араша түскен американдықтар да келіпті. Бірақ тәртіп сақшылары оларға келесідей уәж айтыпты:

бұл біздің ұлттық дәстүріміз!

Одан кейін дүнген мәдени орталығының төрағасы барыпты. Амалы таусылған тәртіп сақшылары бойжеткенді кешке көрсету жөнінде уәде беріпті, бірақ артынан өзгеріп шыға келіпті. Алдымызда демалыс – сенбі және жексенбі күндері тұр деп, мемлекеттік ұйымдардың жұмыс істемейтінін алға тартыпты. Яғни, алып-қашушыларға дүйсенбіге дейін бойжеткенді көндіруге уақыт берген сыңайлы. Сөйтіп, ата-анасы қыздарын көре алмай қойды, — дейді оқиғаның мән-жайын әңгімелеген алып-қашып кеткен Роза Ғұбарованың туысы Айман.

Тықыр таянған соң…

Жағдай бұл туралы БАҚ-та мақала шыққаннан кейін өзгеріп сала берді. Күтпеген жерден полиция алып-қашушыларды іздестіре бастады.

— Тәртіп сақшылары бойжеткеннің туыстарымен бірге Розаны жасырып қоюы мүмкін деген үйлерді аралай бастады. Содан кейін біреулер алып-қашушылардың туыстарына «бір апта бойы көндіре алмадыңдар — қызды қайтарыңдар», деп қатты айтқан болулары керек. Ертеңіне сағат 11-де тәртіп сақшылары екі тарапты – алып-қашушыларды және бойжеткеннің отбасын – полиция бекетіне шақыртты. Сөйтіп, сол жерге әкелінген Розаны ата-анасына табыс етті, — дейді Айман.

Сол жерде Роза Ғұбароваға „алып-қашушыға артатын кінәң бар ма?„ – деген сұрақ қойылды. Бойжеткен „бар„ деген жауап беріп, оның үстінен арыз түсірді.

Жамбыл облысы Қордай аудандық басқрмасындағылар аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады

— Ол кешқандай келісім бермеген. Аталмыш қолхатты Розаға зорлап жаздыртқан. Қорқытып, үркіткеннен кейін, тезірек құтылатын шығармын деп, жазып бере салған, — дейді әңгімесін жалғастырған Айман.

14469506_336879416660636_2204285184618473396_n

Алып-қашушылар жұртшылықты осы қолхатпен бойжеткен алып-қашуға да, тұрмыс құруға да өз еркімен барды деп сендірмек болған.

Роза бәрібір тұрмыс құрады

Роза Ғұбарова қазір үйінде жүр, ол соңғы аптада басынан кешіргендерін тезірек ұмытуға тырысуда. Жеті күнге созылған зорлық-зомбылық бойжеткеннің рухын түсіріп, жігерін жасыта алмады, ол болашаққа үмітпен қарап, жоспарлар құруда.

— Розаның сөз байласып жүрген жігіті бар, ол алдағы көктемде, колледждегі оқуын аяқтағаннан кейін тұрмыс құрмақшы. Өзін алып-қашқан жігітті дұрыс танымаған. Қазір ол азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.Енді оның туыстары біздің аяғымызға жығылып, арызымызды қайтып алуды сұрап жүр, — дейді әңгімесін тәмәмдаған Айман.

Розаны алып-қашып кеткеннен кейін бірнеше күн өткенде қызының тағдырына алаңдаған анасы жүрегінің талмасы ұстап, аруханаға түскен болатын. Қазір барлығы орнына келгеннен кейін, жүрегі орнына түскен ананың денсаулығы түзеле бастады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз