Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Алтыншы сынып оқушысы ұстазын азғындық әрекет жасады деп айыптады

Ал шын мәнінде қыздар полицияға шағым түсірген. Бірақ, ұстаздарымен әзілдесіп осындай қадамға барған көрінеді.

“Бәрі біз ойлағандай болмай шықты. Сосын бәрін анама айтып, мойындадым. Мұғалім бізге мүлде тиіскен жоқ. Өте қатты өкінемін, одан кешірім сұраймын. Босатса деймін”, – дейді Дина Нағызбаева.

Дина полициядан осылайша шағымын қайтып алған. Ал екінші қыз әлі де болса мұғалімді айыптауда.

“Ақпар ағай әдетте сыныпты 4-5 топқа бөліп, балаларды бір-біріне қарсы отырғызып қоятын. Сондай кезде оның қыздарға тиісуі мүмкін бе? Біз әділдікті талап етеміз”, – дейді №189 орта мектеп тарих пәнінің мұғалімі Ұлмекен Жүсіпова.

Әріптестерінің айтуынша Ақпар Исахаев 35 жылдық тәжірибесі бар білікті ұстаз, отбасында салихалы әке, ата атанып отырған жан.

“Мен Ақпарды 20 жылдан бері білемін. Ұжымда үлкен құрметке ие. Істің әділетті ашылуын қалаймыз”, – дейді ұстаз Тілеген Халықов.

Әзірге сот отырысы жабық режимде өтіп жатыр. Сол себепті іс барысының мән-жайын білу әзірге мүмкін емес.

“Қазіргі таңда іс сотта қаралып жатыр, сол себепті ашып ештеңе айта алмаймын. Менің қорғауымдағы адам сабақ үстінде азғындық әрекет жасады деп айыпталып отыр. Бір анық нәрсе ұстазды ұнатпаған кез-келген оқушы оның үстінен жалған шағым түсіре салса, мұғалімді сол үшін де соттай салуы мүмкін”, – дейді адвокат Жасұлан Таңатаров.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз