Нұр-Сұлтан
Қазір
-16
Ертең
-5
USD
421
+2.75
EUR
506
+1.96
RUB
5.64
0.00

“Алтын Орда” базарын көшіре ме?

Алматыдан шыға беріс жолдың бәрі базар. “Алтын Орда” базары да осыдан он шақты жыл бұрын үлкен жолдың үстінен “әдейліп” салынды. Егер де базарды күре жолдан алыс салынса, дағдарыс қысқан қазіргідей кезде бюджеттен 10 миллиард теңгені желге шашпас едік.

Енді біздің шенділер төрт жолақты автожолды он жолаққа дейін кеңейтуді қолға алуға мәжбүр.

10 жолақты жол салу қиын ба, базарды көшірген бе? Әрине, “Алтын орданы” көшіру анағұрлым оңай болар еді.

Алматы билігі біраз базарды өртеп көзін жойған жоқ па? Алматы облысының әкімдігі өртеу жолын таңдамаса да, қаланың тынысын тарылтып тастаған базарды бірыңғайлы етуге болар еді. Оған шамасы келмегендер бірер адамның мүддесі үшін он жолақты жол салуға мәжбүр болып отыр. Осы жерде базар болмаса, 6 жолақты жол халықты ары да, бері де еш қиналыссыз өткізе алар ма еді?

Бұлай дейтін себебіміз, қазір Құлжа күрежолында да “Жетісу” атты үлкен базар салынды. Біраз жылдан кейін осы базар үшін тағы да 10 миллиард теңге жұмсап, 10 жолақты жол салуымыз әбден мүмкін. Тек “Жетісу” емес, қаланың барлық шыға берісі базар. Осы бір шеті бар да, шегі жоқ базарлардың басын қосып, бір жерге ғана шоғырландыратын кез келген жоқ па?.

Өзіміз қолдан проблема жасап, оны бюджеттің ақшасымен шешуді қашан доғарар екенбіз?

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз