Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Алтын белгі” иегерлері емтиханнан босатылмайтын болды

543

Алайда олар үшін бір жеңілдік қарастырылған, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Вице-министр Эльмира Суxанбердиеваның айтуынша, ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде «Алтын белгі» иегері қатардағы мектеп оқушысымен тең ұпай жинаса, мемлекеттік грант дәрежесі жоғары түлекке беріледі.

«Иә, жеңілдік тек қатарласпен тең ұпай алған жағдайда ғана беріледі. Мәселен, егер «Алтын белгі» иегері мен төрт-беске оқыған бала бірдей ұпай санын жинаса, онда мемлекеттік грант «Алтын белгі» иегеріне тапсырылады. Дегенмен, ондай жағдайлар аз. Себебі «Алтын белгі» иегерлері өз дәрежесіне сай білімді көрсетуге тырысуы қажет», – дейді вице-министр.

Айта кетейік, келесі жылдан бастап түлектер мектеп дипломын алу үшін бөлек емтиxан тапсырады. Ал жоғары оқу орнына түсу үшін бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсыру қажет. ҰБТ-да «Алтын белгі» атағын дәлелдеудің қажеті жоқ. Оны мектептердің өздері растайды.

ҰБТ-ның жаңа форматын талқылау барысында «Алтын белгі» иегерлерін тестілеуден мүлдем босату туралы ұсыныс болған. Алайда министрлік оны қолдаған жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз