Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
5
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

Алты баланың әкесі: Ақтөбеліктер көмекке келгенде жылап жібере жаздадым (фото)

666

-Мен бұрын таксист болып жұмыс істедім. Ескі көлігімді сатып жіберіп, жаңасын несиеге алған болатынмын. Оны төлей алмай, банкке қайтарып беруге тура келді. Енді жұмыссыз қалдым. Ақша табуға кеткен әйелімнен де қайыр болмай тұр. «Үйге қайт» дегенімді де тыңдамай отыр,- дейді Бақыт Шыныбеков.

888

Ол әйелінің үйге қайтпайтынын естігеннен кейін жүрегі ауырып ауруханаға түскен. Инсульт алған оны дәрігерлер бақылауда ұстап отыр.

-Құрбан айтқа көмектесуге келген адамдар менің балаларымды суретке түсіріп интернетке салған. Екі күннің ішінде қаншама адам көмекке келді. Кеше үйге сұранып барып қайтқан болатынмын. Адамдар туысқандарым секілді. Такси жалдап келіп, қолдарындағы барын тасып жатыр. «Аға, қандай көмегім керек?» деп жас жігіттер келгенде жылап жібере жаздадым. Бауырларымнан көрмеген жақсылықты жаттан көріп жатырмыз. Өзімнің екі апам мен інім басқа қалада тұрады. Олар да көп балалы отбасы, маған қарайласуға шамалары жоқ,- дейді алты баланың әкесі.

20160913_160557-01

18 жастағы қызын ақылы бөлімде колледжде оқытып жатқанын айтқан Бақыт Шыныбеков бұған әрі қарай шамасы келмей ме деп алаңдайды. Ол жасап жатқан қайырымдылықтары үшін ақтөбеліктерге шексіз алғыс айтты.

img-20160912-wa0068-01

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз