Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
17
USD
447
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.79
0.00

Алты араб елі футболдан әлем чемпионатын Катардан ауыстыруды талап етті

Алты араб елі талаптары орындалмаған жағдайда, әлем чемпионатына бойкот жариялауы мүмкін.

Инфантиноның айтуынша, олар ұйымға мүше елдер арасында турнирді ауыстыру бойынша сауалнама жүргізуді көздеп отыр.

5 маусымда Сауд Арабиясы, Египет, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірлігі Катармен арадағы дипломатиялық қарым-қатынасты үзді. Олар Доханы араб елдеріндегі саяси жағдайды шиеленістірді, терроризмді қолдады деп айыптады. Бұл бойкотқа кейін Йемен, Ливия, Мальдив, Маврикий, Мавритания, Комор Аралдары Одағы қосылды. Катар билігі бұл айыптауларды жоққа шығарып, мұндай қадамды әмірлік егемендігіне қол сұғушылық деп бағалады.

Катар әлем чемпионатын өткізу құқығына 2010 жылы 2 желтоқсанда ие болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз