Толастамай жауған жаңбырдың салдарынан Қырғауылды өзенінің суы аңғарынан асып, саяжайларды су басты.
Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық ТЖД өкілі Азамат Жұртбаев хабарлады. Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, өзеннің арналары қоқыспен бітеліп қалған, салдарынан өзеннің кей тұстарында су деңгейі көтеріліп, жағаға қарай ұрған.
Сондай-ақ, Алматы-Жандосов тасжолын су алды (23-ші шақырым). Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда су алған елді-мекендерге жолдар жабық, ал тасжолдар ашық тұр.
“Қазіргі таңда 151 саяжай учаскесін су алды. Екі адам эвакуацияланды. Тазалау, жағалауды нығайту және Қарғалы өзенінің аңғарын тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр, Алматы-Жандосов тасжолындағы көпір тазартылды. Адамдарды эвакуациялауға 50 орындық мектеп пен екі автобус дайындалды”, – деді Жұртбаев.
Сонымен қатар, редакцияға келіп түскен мәліметтер бойынша, Алматының Алатау ауданындағы, Рысқұлов даңғылының төмен жағындағы бірнеше үйді де су басқан.
https://www.youtube.com/watch?v=FNFQlGj-OX4