Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматының көшесінде тірідей шіріп жатқан ер адам жұртты шошытты (фото)

222

Алматы тұрғыны Сергей Кирпиченко бес күн бойы далада жатқан ер адамды тамақтандырып келіпті. Көп ұзамай Александр тамақ жеу түгілі сөйлеуден қалады. Ол Сергейге кезінде фермалардың бірінде құлдықта болғанын, содан қашып құтылғанын айтып үлгерген.

“Құлдықта болғанын айтты. Сол жерде қолын үсітіп алған. Тіпті итті де аяйсың, ал бұл тірі адам ғой. Студенттер болса, оны аяудың орнына басына жапырақ жапсырып, мазақ етіп кетеді”, – дейді Кирпиченко.

Алматылықтар дәрігер шақырғанымен, Александрдың құжаты болмаған. Оны әзер дегенде 12 қалалық емханаға алып кетеді.

“Бүгінде жағдайы бірқалыпты… Құрттап кеткен жерлері бар. 12 қалалық емханада шұғыл түрде дәрігерлер қарайды”, – дейді дәрігер Асхат Таңсықов.

Александр үйін алаяқтар сатып жібергеннен кейін үйсіз қалғанын айтып берді. Содан кейін ол құлдыққа түсіп, денсаулығын құртқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз