Алматы әкімшілігі Медеу, Алмалы және Наурызбай аудандарындағы көше атаулары жазылған 10 мың тақтайшаны ауыстыруға тендер жариялады
Алмалы ауданының әкімшілігі көше атауларының жанына QR код қоюды талап етіп отыр. Тақтайшалар көк түсті, жазулары ақ түсті болуы қажет. Материалдың алюминий қабаты бар, эмальмен сырланған және қорғаныс қабықшасы болуы керек.
«Аншлагта көше атауы қазақ тілінде жазылады, ал “көше” деген сөз үш тілде: «көшесі», «улица», «street» деп беріледі. Көше атауларындағы тарихи немесе дәстүрлі атаулар мен тұлғалардың аты басқа тілдерге аударылмайды, мемлекеттік тілдегі нұсқасы жазылады. Үйдің нөмеріне қарай QR-кодтар («Қазпочта» АҚ мекенжай бағдарламасына сәйкес) қойылады. Мердігер орындалған жұмысынаа кемінде үш жылға кепілдік беруі керек», — дейді басылым.