Тосыннан құрылған дәріханаларда 5 млн теңгенің дәрі-дәрмегі сатылған.
Алматы полицейлері дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың жолын кесу мақсатында тексеруді жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі.
Рейд барысында қаладағы базарлардың бірінде десаметазон, диклаберл, цефтриаксион және басқа да дәрі-дәрмектерді сатқан бутик анықталды.
Осған ұқсас сату нүктесі кейінірек «Сәлем» нарығында да анықталды. Азаматша Т. тауарды жоғары бағамен және фискалдық чексіз сатқан.
Сонымен қатар, Бостандық ауданында онлайн сауда алаңы арқылы ҚХР өндірілген антибиотиктерді сатқан екі әйел қолға түсті. Олар жалпы сомасы 1 миллион 498 мың теңгеге осы дәрінің 428 бумасын сатып жатқан кезінде ұсталды.