Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-10
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Алматының бас ауыруы: оңтүстік астананың ақылы автотұрағының 5 кемшілігі

350

24 қазанда Алматыда жайлы автотұрақтарды ұйымдастыру мәселесі бойынша тыңдаулар өтті. Қала тұрғындары үшін өзекті мәселеге жұрт көп жиналды.

Артықшылықтары мен кемшіліктері, дәлелдер мен фактілер

Ақылы автотұрақтардың кемшіліктерін автоэксперт Диаз Абылқасов тізіп берді:

1. ақылы автотұрақ орындарында өз қызметтеріне ақы төлеуді талап ететін заңсыз күзетшілер. Және бұл 19.00 кейін, автотұрақ тегін болған жағдайдан кейін де;
2. тротуарларға жақын жерлердегі мүгедектерге арналған ыңғайсыз орындар. Тұраққа қою үшін, куәгерлердің айтуынша, адамға кейде акробатикалық трюк іспеттес әрекеттер жасау керек;
3. паркоматтардың жетіспеуі — екі кварталға бір аппарат;
4. қоқыс жәшіктерінің жетіспеушілігі, сол себепті тұрақ төлем чектерімен қоқысталған;
5. ұялы қосымшадағы кемшіліктер.

Паркоматтар — тиімді бизнес

Абылқасов тәртіпсіздікпен күрес бойынша нақты шараларды ұсынды. Бірінші —

кейінгі төлемді енгізу керек

— Әлі көрсетілмеген қызмет үшін неге ақша төлеу керек? Сонымен қатар, неге мен жарты сағат үшін бірден төлеуім керек, егер бар болғаны 20 минутқа тұарақтасам? Екінші —

сараланған тарифті енгізу

– Яғни, жүктеме жоқ учаскелерде төлемді төмендету. Ақылы тұрақтан қашып, аулаға көліктерін қоймау үшін,  – деп блогер Думан Қапасов атап өтті. Үшінші —

бейнебақылаумен қамтамасыз ету

– Демек, паркоматтар қойылды, белгі салынды – әрі қарай ештеңеге жауап бермей ме? Тіпті бейнекамерамен қамтамасыз ете алмайды. Бұл қалай болғаны? Төртінші —

19.00 кейін төлемді қосымша арқылы төлеу мүмкіндігі

– Адам кездесуге сағат 19-00-ге дейін баруы мүмкін, бір сағат үшін ақы төлейді, 19-00-ден кейін кешігіп, шығуы мүмкін. Содан кейін оған айыппұл келеді, өйткені ол аппараттарды таппады. Ал үшінші тарап арқылы мұны жасауға болмайды, – деді блогер. Және бесінші —

паркоматтарды көбейту және қай жерде екендерін белгілеп жазу

– Жақында Абылай ханда жолдың бір жағына көлігімді қойдым, ал паркомат тек екінші жағында ғана бар. Екі кварталда бір паркомат қана болатын жерлер бар! Бұл не сұмдық! – деді Қапасов.

Ол ұсыныстар ұсына отырып, сөзін былай түйіндеді:

– Елестетіп көріңізші, ертең сіздің жеке үйіңізге кіру үшін ақша алатын болады. Ал төленбегені үшін полиция айыппұл салады. Бұл қалыпты жағдай ма? Міне, А-паркингпен де осындай мәселе. Және, автоблогердің пікірі бойынша,

мұндай тәсілдің қаншалықты заңды екенін әлі зерттеу керек

Позитивті тұстары

Алайда, Қапасов ақылы автотұрақтардың жағымды тұстары бар екенін атап өтті. Мысалы, төлем жасаудың ыңғайлылығы. Абылқасов сондай-ақ “А-Паркинг” автотұрақты ретке келтіруге ықпал ететін ақылы тұрақ орындарына нақты белгі қойғаны үшін мақтады.

Онымен блогер Алексей Алексеев, “Бәріне ортақ жол” Жол қозғалысы қауіпсіздігі Қауымдастығының Бас хатшысы келісті. Ол көлік тұрағы үшін төлем автокөлікті күтіп ұстауға қажетті шығындар тізіміне енуі тиіс деп есептейді.

Бұл майды ауыстыру, сақтандыру немесе шанақты жуу сияқты маңызды

– Мұндай қағидат бойынша барлық өркениетті әлем өмір сүреді, және Қазақстан ерекшеленбеуі тиіс, – деп мәлімдеді Алексеев.

Ол бір кезден бері Көк базарға баруды тоқтатқан, себебі онда машина қоюмен мәселе бар. Сол хаосты Алексеев Республика алаңында және Абылай хан даңғылынан байқаған.

— Мен ақылы автотұрақтар көп болғанын қалаймын. Бұл жүргізушілер мен қаланың өркениетті дамуына ықпал етеді. Олардың құны жоғары емес деп есептеймін, 99%-ға толы автотұрақ бұған дәлел, – деді автоэксперт.

Автотұрақ бизнесіндегі сандар

“А-Паркинг” директоры Марат Принбеков өздері тапқан миллиардтар турасында баяндады:

– Ақылы тұрақ жүйесі жұмысының нәтижесінде 2016-2019 жылдары бюджетке 1,7 млрд теңге түсті. Оның ішінде 561 млн — салық аударымдары,

267 млн — тұрақ орындары үшін төлемдер

Тағы 247 млн — мемлекетке міндетті төлемдер. Жоба қызметінің жанама әсері – 622 млн теңге, бұл қаражат қалалық бюджетке айыппұл түрінде түсті.

Әсерлі естіледі. Дегенмен, осындай сомаға қол жеткізе отырып, қарапайым бейнекамерамен неге қамтамасыз ете алмай отырғаны түсініксіз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз