Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматының полицейлері пәтер жағалап жүр

-Қай уақыттан бастап тұрып жатырсыздар?
– Бір айдай болды
– Жалға беру туралы келісім шарт бар ма?
– Әрине, мінеки.
– Онда жарайды, уайымдаудың қажеті жоқ. Бірақ, осы пәтерде 12 желтоқсаннан бастап тұрып жатқаныңызды айтып, түсініктеме жазып беріңіз.

Түсініктемеге өз қолыммен жазылды деп қосып, жеке қолымызды қойып, жазылған күнін белгіледік. Полиция қызметкерлері жалға беру туралы келісім шартта көрсетілген пәтер иесі мен менің жеке куәлік мәліметтерін, ұялы телефон нөмірлерін арнайы тіркеу жорналдарына жазып алды. Сонымен қатар үйде қанша адам тұратынын және олардың аты-жөндерін, жас мөлшерін, балалардың қай мектепте білім алатынын тіркеді. Осылайша тиісті мағлұматтарын алып, басқа пәтердің есігіне бет алды.

Көршілерімнің айтуына қарағанда, полиция қызметкерлері олардың ит-мысықтарын да тіркеуге алыпты. Үй жануарларын ұстау ережесіне сай, ит пен мысық та тіркелуі тиіс дейді. Ол үй жануарының ветеринарлық куәлігінің болуын меңзейді. Бірақ полиция қызметкерлерін ондай куәлік қызықтырмаған көрінеді. Тек жануарлардың саны мен тұқымын жазып алған.

Соңғы жаңалықтарда алматылық полицейлер нағыз “тіркеуді”  тексеруді бір айдан кейін бастайды деседі.

Сонда бұл тексеріс не болды?

Бұдан бұрын да көшедегі халықтың құжатын тексеріп, тырнақ астынан кір іздейтін олар енді кез-келген адамды тоқтаусыз тергеуге алары сөзсіз. Қойылатын сұрақтар ретін де көбейтіп, жұрттың зәресін алады. Біздің халық полиция қызметкерлерімен «байланысқа» түскісі келмейді. Сондықтан көбіне аз-маз пара беріп, құтылуға асығады. Ал көпшіліктің азаматтық құқығын қорғаудағы сауатсыздығын полиция қызметкерлері бұл «тіркеуді» өз бас пайдасына қолдануы мүмкін.

Шенеуніктердің алды-артын бағдарламай қабылданатын осындай  «әттеген-ай» шешімдері соңғы жылдары жиілеп кетті. 2013 жылы әйелдердің зейнет жасын 63-ке дейін көтереміз деп шулатты. Президент араша болмағанда қайтер едік?

Енді Елбасы тағы араша түсе ме, қалай болмақ?

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз