Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
15
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Алматыны қалпына келтіру: ШОБ нысандарынан бастау керек — бағалаушы

Алматылық бизнеске келтірілген залал қазірдің өзінде 100 млрд теңгеден асты. Бұл туралы “Атамекен” палатасынан хабарлады. Алматыда бүлікшілер мен тонаушылар қолынан мыңнан астам кәсіпкерлік нысандар зардап шекті. Қапыда қалған бизнесмендерден қоңыраулар әлі де түсіп жатыр. Осы арада

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік комиссияға барлық шығындарды өтеп, инфрақұрылым мен кәсіпкерліктің барлық нысандарын қысқа мерзімде қалпына келтіруді тапсырды

Осы іске мүлікті бағалау жөніндегі халықаралық сарапшы және ҚР құрметті бағалаушысы Александр Калинин тартылды. Оған бизнес объектілеріне келтірілген залалды бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу тапсырылды.

Қалпына келтіру кезеңдері

— Бұл ерекше жағдай. Біз қырғыз әріптестеріміз бен Украинаның тәжірибесіне жүгіндік. Бірақ оларда дәл біздегідей жаппай тәртіпсіздік болмады және жағдай басқаша болды. Сондай-ақ себептері де басқа болатын.

Бірінші кезекте қазір жөндеу-құрылыс және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын бөліп, тексеру жүргізу керек

Нысандар көп болғандықтан және мамандар жетіспейтіндіктен, біз кәсіпкерлерге жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын тезірек бастауға кеңес береміз. Кімнің мүмкіндігі бар — әзірге өз есебінен, содан кейін мемлекет барлық осы шығындарды өтейді.

Сондай-ақ, күнделікті тұтынатын тауарларды тонаумен байланысты залалдың өтемақысын есептеу міндеті тұр.

Құжаттық дәлелдер

— Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары бойынша мәселе біраз түсінікті болса, материалдық шығындар бойынша мәселе әлдеқайда күрделі. Бұл жағдайда мүлік иелері қандай мөлшерде зиян келтіргенін дәлелдеуі керек. Ол үшін барлық қажетті құжаттарды ұсыну.

Мынадай жағдай болмауы керек: іс жүзінде сауда нүктесінен үш телефон ұрланған, ал кәсіпкер он деп жазады. Бұл нюанстар өте күрделі. Мұнда моральдық нормалар туралы сұрақтар туындайды

Кейбір кәсіпкерлер олардан бәрін — құжаттарды, тіпті мөрді де ұрлап әкеткенін айтты. Сондықтан дәлелдей алмаймыз дейді. Бірақ менің ойымша, бұл айлакерлік. Себебі қазір барлық құжат электронды нұсқада, сонымен қатар олар салық құжаттарын толтырады. Менің ойымша, қазір кейбір заңгерлер кәсіпкерлерге көбірек ақша алудың амалдарын ұсынып жатыр. Сондықтан айтылған ресми сома қате болуы мүмкін, – деді ол.

Өтемақыға қаражат қайдан?

Калининнің айтуынша, келтірілген залалдың көлеміне дәлел келтірмейтін кәсіпкерлермен “Атамекен” Кәсіпкерлер Палатасы айналысуы тиіс.

— Біз, бағалаушылар, белгілі бір стандарттар, заңдар және өзге де тетіктер бойынша жұмыс істейміз. Сондықтан есептеулер дұрыс өтуі біз үшін өте маңызды. Біз, ең алдымен, құжаттық дәлелдер келтіретіндерді бағалаймыз.

Мен жұмыс тобын жинақтадым, оған билік өкілдері кіреді: әзірлеушілер, сметашылар, сот сарапшылары, аудиторлар, бухгалтерлер және басқалар. Сенбі күні біз жоспарды ұсынуымыз керек.

Қарақшылардың іс-әрекеттерінен болған залал жергілікті бюджеттен төленеді. Бюджеттік ақшаның әр тиыны үшін жауап беру керек екенін түсіну керек. Құрылған қайырымдылық қорынан да бірдеңелер жабылады

Мемлекет басшысы олигархтарға бөлісу керек деп мәлімдегені кездейсоқ емес. Әрине, егер қор тезірек толтырылса, бәрін тезірек өтеуге болады”, — дейді бағалаушы.

Кезекпен

Оның айтуынша, бүгінде ең алдымен шағын және орта бизнеске келтірілген залалды өтеу қажет, оның көлемі шамамен 75%-ды құрайды.

Алматы 28%-ға жуық шағын және орта бизнес есебінен өмір сүреді

— Шағын кәсіпорындар жұмысын тезірек қалпына келтіріп, тоқтап қалудан шығын шығармауы үшін мүмкіндігінше тезірек қалпына келуі керек. Шағын және орта бизнес онсыз да әрең күнін көріп жүрген, енді тіпті ештеңесіз қалды.

Ірі бизнес жағдайға оңай бейімделеді, себебі несие ресурстарына қол жеткізе алады

Көптеген желілік компаниялар қазір өз есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайын, ал оларды шағын және орта бизнес көмек алғаннан кейін кейінірек өтеуге болады. Сонымен қатар, ірі желілік компаниялар көп шығынға ұшырайды және оларға жеке қорда жиналатын ақша жетпеуі мүмкін. Сондықтан, менің ойымша, өтемақылар кезек тәртібімен жасалуы керек”, – деп қорытындылады Александр Калинин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз