Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматылықтар талай жылдан бері көрсетілмеген қызмет үшін ақша төлеп келген

Десе де, заңгер, анықтама, бос жұмыс орындары секілді коммуналдық ақыға түк қатысы жоқ қызметтерге төлемақы тұрғындардан әрі қарай да алына берген. Тек осы жақында ғана түбіртекке жауапты «ИВЦ» және «Алсеко» фирмаларына тексеру жүргізіліп, артынша осы былық ашылды.

Сөйтсе, бұлар жылына артық қызметтерді қосу арқылы 379 мыңдай пәтерден миллиард теңгеден астам ақша жинап алады екен. Десе де, айма-ай осындай түбіртек жібергендерді жазалауға негіз жоқ.

«Квитанцияларда жазылып қойған «өз еркімен төлем» деген. Оны көбісі байқамай  төлеп жіберген. Ертең шағымданғанның өзінде олар өз еркімен төледіңіздер деп айтуы мүмкін.

Ал негізі заң бойынша бұл тұрғындардың жиналысында қаралып, протоколмен бекітіліп, содан кейін барып төленуі керек»,-дейді Алматы қалалық Тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Ибрайханов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз