Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматылықтар наурыз айындағы коммуналдық түбіртектерге наразы

фото 24.kz сайтынан алынды

Әлеуметтік желілер алматылықтардың наразылығына толды – наурыз айында олар үшін коммуналдық қызмет күрт қымбаттаған. Біреулерге артық адамдарды жазып қойған, ал енді біреулерге есептегіш арқылы төленетін қызметтер үшін қарыздар мен өсімпұлдар есептеліпті.

Өткен жылдарда орын алған осындай жағдайлар көрсеткендей, негізсіз есептелген қарызбен әрбір тұтынушы өзі айналысуы керек. Мұны заңгер, Алматы ПИК қауымдастығының төрағасы Аркадий Рубцов және әлеуметтанушы, “Стратегия” Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының президенті Гүлмира Илеуова растайды.

Болған жағдайда ең таңғаларлық нәрсе, карантин кезінде ақшаның жетіспеушілігінен және шектеу шараларынан шаршаған халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің төмендейтінін ешкім ескермеген.

Қалыпты қолайсыз жағдай

“Болған жағдай, бұл біздің деректер базасын синхрондаудағы” қалыпты” жағдайы, — дейді Аркадий Рубцов. — “Алматы су” Холдингі өздеріне қолайлы болу үшін тұтынушылар санына түзету енгізген. Олардың тізімінде қайтыс болған адамдар да бар екен.

– Деректер базасын синхрондау қалайша тұтынушыларда артық адамдардың жазылып кетуіне әкелді?

— Бұл әзірге бер жағы. 2021 жылдың басында біз Бұрындайдың тең жартысының нақты иесі болып табылатын бір зейнеткердің оиғасын талдадық. Оның атына басқа біреудің тұрғын үйін ғана емес, сонымен қатар көлік, тіпті өндірістік нысандар да жазылған екен. Яғни, бұл ешкімге және ештеңеге бағынбайтын ішкі олқылықтар. Бұл ұзақ уақыт бойы түзетілмеген, нәтижесінде зейнеткерге мүлік пен көлік салығы бойынша айтарлықтай төлем сомасы жазылған түбіртек келген.

Ол ХҚКО-ға анықтама алуға барғанда, одан флешка алып келуін өтінеді, өйткені принтерде 187 парақтан тұратын анықтаманы басып шығару мүмкін болмайды.

Бурундайдың тең жартысы неге бір адамның меншігіне түсіп кеткенін тексерген кезде, бәрі таңырқап қалды. Іс сотқа, содан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жетті. Содан кейін барлығы атасына жүгіріп, кешірім сұрады.

Тіркеумен де осылай. Бір бөлігі – алаяқтық, екіншісі – ақымақтық және жалқаулық. Мен сенімдімін, бағдарламалар кешені қандай да бір танымаған нәрселерді түсініксіз алгоритмдер бойынша әр жаққа таратып жібереді.

Ескі және жаңа мәліметтер базасы бір-бірімен араласып кетуі мүмкін. “Жалған” тіркеулер де көрініс беруі де мүмкін

Оны тексеру керек. Өйткені, облыстың бір бөлігі қалаға қосылды, бірақ уақытында синхрондалмады.

Халықтың мүддесі есепке алынбайды

— Ал бұл синхрондауды міндетті түрде карантин уақытында, адамдар онсыз да шаршап жүрген кезде жасау керек болды ма?

– Мұндай “ұсақ-түйектерге” ешкім назар аудармайды. Бұл туралы ешкім ойламаған шығар. Коммуналдық қызметкерлер тұтынушылар санын реттегісі келді. Бірақ бұл жағынан Алматыда әрдайым былығып жатады.

Стандартты саны біреу, жеке шоттардың саны — басқа. Нақты қанша адам тұратынын ешкім білмейді және білгісі де келмейді.

Ішінара бұл былық тұтынушылардың коммуналдық шоттарында да көрініс берген.

— Соңында, барлық жерде артық адамдар тіркеліп, қарыздар орынсыз жазылған кезде, мұның бәрі қайта есептеле ме?

– Тұтынушылардың өтініші бойынша түзетулер қолмен жасалады.

— Яғни, таңырқаса да, төлем жасағандарға қайта есептеу жасалмай ма?

– Оларға ай сайын түбіртек сол артық мөлшерде келіп отырады. Өйткені, егер ол төлесе, демек адам саны дұрыс анықталады деген сөз. Кім өтініш жазады, сол адамдікі қайта есептеледі және одан кешірім сұрайды.

Зейнеткерлерге “қамқорлық”

Әлеуметтанушы Гүлмира Илеуова негізсіз төлемдер, ең алдымен, заңға бағынатын халыққа — зейнеткерлер мен бюджет қызметкерлеріне әсер етеді деп санайды.

Гульмира Илеуова, фото Facebook-тегі жеке парақшасынан

– Гүлмира, коммуналдық төлемдер бойынша артық тіркелімдер жаппай сипат алған жағдайда билік не істеуі тиіс?

– Билік әдеттегідей әрекет етеді – олар мәселені жеке шешу үшін сотқа жүгінуді ұсынады. Бізде өнегелік құқық жоқ, сондықтан әр тұтынушы сотта жеңіске жетуі керек. Содан кейін, егер Бәсекелестікті қорғау агенттігі кенеттен осы тақырыпты қолға алатын болса, онда жалпылама шаралар қабылданады. Бірақ бұл процесс тез бола қоймайды.

Қазір олар жай ғана халықтан ақша алып, өз қажеттіліктеріне жұмсайды. Ал содан кейін орын алған жағдайды негізге ала отырып, тексеру жүргізеді

Бұл жерде заңдылық туралы мәселе жоқ, бұл бақылау мен жауапкершіліктің жоқтығының классикалық мысалы.

– Халықтың басым көпшілігі коммуналдық төлемді міндетті төлем деп санайды. Әрине, олар тексерместен төлей салады. Сіздің зерттеулеріңізге сүйенсек, халық коммуналдық қызметтерді есептеуге қалай қарайды?

– Халықтың табысы жоғары санатының коммуналдық шоттарды төлеу бойынша жауапкершілігі әлдеқайда төмен.

Табысы төмен адамдар коммуналдық төлемдерді төлеуге неғұрлым жауапкершілікпен қарайды, олар қарыздың жиналғанын қаламайды

Әрине, олар азық-түлік немесе дәрі-дәрмектерді қажетті мөлшерде тұтынудан бас тартады. Мысалы, барлық зейнеткерлер мен бюджет қызметкерлері солай істейді. Мұндай жағдайда екі есе пайдаланады.

— Яғни, олардың онсыз да мемлекет белгілеген кірістерге тәуелді болғанының үстіне, шығындар бойынша тағы да қосымша қаражат қосылған айтасыз ба?

– Иә. Олар өздерінің жалақысын көтере алмайды немесе барлық шығындарды жабу үшін басқа табыс көзін таба алмайды. Шығындардың негізсіз өсуі орын алған кезде олар қаржылық жағынан ғана емес, моральдық жағынан да зардап шегеді. Егер агенттік тарапынан осы жағдай бойынша тексеру жүргізілсе де, ол бірден нәтижелі бола қоймайды. Мүмкін, ақша қайтарылады, бірақ ұзақ уақыт, бөліп-бөліп қайтарады… және есептелгендердің бәрі рұқсат етілген шекті мәннен жоғары деген сөз емес.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз