Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-18
USD
522
0.00
EUR
544
0.00
RUB
5.05
0.00

Алматылық жылу берушілер түбіртектерде көрсетілген жоғары сомаға қатысты түсініктеме берді

332
Сурет: otivent.com

Алматылықтардың басым көпшілігіне жылыту ақысының шоты келді, ондағы сома әдеттегіден жоғары. Соңғы айда Алматыда 20 градустық аяз болмағаны да белгілі. Бұған есептеуіш құралдың бұзылуы мен интернет-банкингтің қателіктері себеп болуы мүмкін екен. Кез келген заңға бағынған азамат әрбір жаңа түбіртек алдыңғы айда тұтынылған қызметтер үшін төленеді деп ойлайды. Алайда «Алматылық жылу желілері» жылу мен ыстық судың төлемі мүлдем басқа схемамен есептелетінін айтты.

Мәселен, төменде алматылық жеке шот бойынша нақты салыстыру актісі берілген.

Көріп отырғанымыздай, есептеу және жылу үшін төлеу уақыты бір-біріне сәйкес келмейді. Сәуір айындағы түбіртекте тұтынушыға 6 551 теңге ұсынған, бұл қыс айларындағы сомаға қарағанда айтарлықтай жоғары.

2020 жылдың 1 наурызында жылу тарифі тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін 70,63-тен 56,26-ға төмендетілген еді

Бұл қалай болғаны?

«Алматы жылу желілерінің» өкілі Наталья Коростова нақты осы жағдайға байланысты түсініктеме берді. Бұндай жағдайдар  ортақ жылу есептеу құралдары орнатылған үйлерде ғана болуы мүмкін.

 № 1 проблема. Есептеу кезеңдері

Белгілі болғандай, жылу берушілер үйге ортақ есептеуіш құралдардағы көрсеткіштерді белгілі бір кестеге сәйкес жазып алады екен. Кейбір үйлерде шот ұсынылатын есептеу кезеңі алдыңғы және келесі айдың 5-і мен 4-і, кейбір үйлерде 28-і мен 27-сі аралығында таңдалған. Барлық жерде әртүрлі.

Біз келтірген салыстыру актісінде есептеу кезеңі 14-і мен 13-і аралығында. Сондықтан тұтынушы қазан айында тұтынған жылудың құнын тек желтоқсан айында төлеген. Кесте жүйесі бұзылды.

Нәтижесінде сәуір айындағы түбіртекке бұрынғы бағамен ақпан айының жарты және жаңа бағамен есептелген наурыз айының жарты сомасы кірген

Бірақ бұл кезеңдегі  жылу ақысы неліктен қымбаттау болды деген сұраққа жауап ала аламадық.

 № 2 проблема. Есептеу құралының ақауы

Мәселенің мән-жайын анықтау барысында бұл үйде ақпан айынан бері үйге ортақ есептеу құралындағы модемнің жұмыс істемей тұрғаны белгілі болды. Яғни, жылу бағасы тұрғындарға қымбатырақ жалпы қалалық тариф бойынша есептелген. Есептеу қүралының дұрыс жұмыс істеуіне тұрғындар емес, ПИК жауап береді.

Біз жылу жеткізушіден  осы секілді ақаулардың есебінен қате есептеу болмау үшін жылу берушілер мен ПИК мұндай мәселелерді қалай шешеді деп сұраған едік. Оларға есептеу құралының ақауы жайында хабарлама береді деп жауап берді. Карантинге дейінгі кезеңде жылу желісінің инспекторлары нысандарға барып, бұзылған есептеуіш құралдарын жөндеп, көрсеткіштерін жазып алатын. Бірақ ПИК қызметкерлері есептеу құралдарындағы көрсеткіштерді жылу желілеріне уақытылы жіберіп тұрса, бар мәселе шешілер еді дейді.

 № 3 проблема. Онлайн-банкинг интерфейсі

«Алматы жылу желілерінде» Алматының көптеген тұрғыны қызметтердің ақысын интернет арқылы төлеп, қағаз түбіртектерді ұмытқанына біраз болды деп мойындады. Белгілі болғандай, бұл үлкен мәселе тудырып отыр.

Себебі қандай да бір қызметтің тарифі өзгерген кезде түбіртектің қағаз нұсқасында барлық өзгерістер көрініп тұрады. Ал онлайн-банкингте көрінбейді

Жылу берушілер банктер  қызмет құнының нақты шотқа сәйкестендіру үшін өз бағдарламаларының қызметін жетілдіруге мүдделі емес дейді.

Біз дұрыс логика тұрғысынан ойланып, неліктен миллиондаған қолданушы мен көптеген банк шоттарды ұсынудың айлалы схемасын ойлап тапқан бір жеткізушінің ығына көну керек деген қарсы сұрақ қойдық.

Олар «Жылу желілерінің» барлық үйден бір уақытта көрсеткіштерді жазып алатын техникалық мүмкіндіктері болса мәселе шешімін табар еді деп жауап берді. Ал қазірде монополистің қолында адами да, коммуникациялық та ресурстар жоқ екен.

Үйге ортақ есептеу құралындағы мәліметтер екі ай бойы сақталады, сондықтан жақын арада берілетін түбіртекте мәліметтерді түзетіп, қайта есептеу жасаймыз деп сендірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз