Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматылық жігіт Бас муфтидің салынып жатқан үйі деп зәулім сарайды көрсетті (ВИДЕО)

321

«Алдарыңызда көріп отырған Қазақстан Республикасының Бас муфтиі Ержан қажының салынып жатқан үйі. Горный гигантта. Өмір сүру тәсілін білсең осылай», –  дейді алматылық.

Ал осы оқиғаға қатысты түсінік берген муфтият ақпараттың жалған екенін айтып отыр.

«Жалған ақпаратты таратушы жәдігөй бейнежазбада «Өмір сүру тәсілін білсең осылай» деп көбікауызданып бағады. Шын мәнінде аталмыш Зәулім үйдің құрылысы белгілі кәсіпкер Бахарадин Әблязимовке тиесілі. Оны керек болса, өзі де растайды», – деді ҚМДБ-ның бөлім басшысы Қамалжан Тұрдыбаев.

Айта кетейік Ержан қазы Малғажыұлы 2013-2017 жылдар аралығында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасын басқарып келді. Былтырғы жылдың желтоқсан айындағы құрылтайда ол Бас мүфти лауазымына наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың кандидатурасын ұсынған.

Дереккөз: sn.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз