Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматылық тиіннің келбеті өзгереді

288

Алматылықтар мен қала қонақтарының көзайымына айналған Атакенттегі әйгілі алып тиіннің сырт келбеті өзгереді. Бұл туралы Funk агенттігінің жетекшісі Майра Измайлова хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуына қарағанда, тиін аталмыш орынға қойылғалы бері «Атакент» аумағында айтарлықтай ауқымды қоғамдық-мәдени кеңістік қалыптасып қалған. Десе де, осы жылдың шілде айында тиін өзінің «тіршілігін тоқтатады».

Әйгілі арт-нысанды жаңа жоба – Ecobеlka күтіп тұр.

«Біздің команда керемет жоба ойлап тапты – бұл эко-арт жоба. Осы жазда тиіннің реновациясын іске асырамыз. Тиін қайталама шикізаттан жасалады», – дейді Майра Измайлова.

Тиіннің болашақтағы келбеті

Ұйымдастырушылар тиінді пластик панельдермен қаптағалы отыр. Ол панельдер қайта өңделген пластиктерден жасалады.

«Тиіннің арқауында металл мен ағаштан жасалған тірек бар. Өзінің қызмет ету уақытын аяқтап қойған сабанды алып тастаймыз. Сыртқы қабыршақты ауыстырып, ескі арқауға жаңа материалдан жасалған панель ілінеді. Тиін ескі қалпында қалғанымен, заманға сай стиль бойынша экоматериалдардан тұратын болады», – дейді жобаны ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар, Майра Измайлова тиіннің құны туралы интернеттегі ақпарат шындыққа сай емес екенін жеткізді.

«Тиіннің құны миллиард теңге емес. Ғаламторда тараған ақпарат — жалған. Тиін мемлекет пен Funk агенттігінің бірлесіп жүзеге асырған жобасы. Мемлекет тарапынан 15 миллион теңге қаржы жұмсалды, ал жобаның жалпы құны 23 миллион теңгені құрады», – деді Funk агенттігінің басшысы Майра Измайлова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз