Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматылық полицей қызметтен кеткен күннің ертесіне қыз зорлаған

Ол полицей қылмыс жасаған уақытта құқық қорғау органдарында қызметте болуы мүмкіндігін алға тартып, “экс” деген сөзді қолданбаған. Адвокат басқа постарының бірінде ер адамды “артқы күнмен” жұмыстан босатуы мүмкін деген күдік келтіреді.

Сонымен қатар, адвокат тергеу барысында құқық бұзушылыққа жол берілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, полиция қызметкерінің автокөлігі тексерілмеген. Әуезов ауданы полиция бөлімінің тергеушісі “полицей көлікті тексеруге бермей қойды” дейтін көрінеді. Сондай-ақ қылмыс жасады деген күдікті пост жазылған сәтте – 3-қарашаның кешінде бостандықта жүрген.

Айман Омароваға Facebook-те бас прокурордың аға көмекшісі Думан Қожахметов жауап берді. Оның сөзіне қарағанда, тергеу барысын Алматы қаласы прокуратурасының басшылығы бақылауға алған.

Қожахметов зардап шегушінің арызы бойынша іс ҚР ҚК 121-бабының 1- бөлімі (Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану) бойынша тіркеліп, күдікті анықталғанын хабарлады. Сондай-ақ ол қыз бен күдіктіден жауап алынып, екеуі беттестірілгенін, қажетті сараптамалар тағайындалғанын айтты.

Қолда бар ақпарат бойынша, ер адам қылмысты құқық қорғау органдарынан жұмыстан кеткен күннің ертесіне жасаған болуы мүмкін.

“Біз күдікті құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері екенін анықтадық, бірақ ол таяуда ғана жұмыстан кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, 2017 жылдың 28-ақпанында қызметінен босатылған. Ал қылмыс 29-қазан күні жасалды. Қала прокуратурасы Алматы ішкі істер департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасына жұмыстан шығу фактісін тексеруді тапсырды”, — деп жазды Қожахметов.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау абақтысында отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз