Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматылық отбасы 8 бала өсіріп, тағы бес баланы жетімдер үйінен асырап алған

144

Кумашевтар отбасы 13 бала тәрбиелеген берекелі шаңырақ. Сегіз бала өздерінікі, соңғы бесеуін балалар үйінен тәрбиелеріне алған. Өз балалары есейіп, үйлі-баранды болып кеткен соң балажан кісілер әулетін кеңейтуді ұйғарыпты.

“Өзіміздің әулетіміз көпбалалы болып, бірақ, алды өсіп-өніп кеткеннен кейін үлкен үйіміз босап қалған сияқты болып қалды. Сосын кішкентай сәбилер аз болып қалды, жоқ десе де болады. Немереміз қолымызда еді, оны жібердік. Бірақ сол немеремен айналысып, осындай кішкентай бала керек-ау деп қалдық”, – дейді көп балалы әке Асхат Кумашев.

20167721e4fda23da6b7621e5774f48d

Осы оймен 8 ай бұрын Алматыдағы №1 балалар үйінен Рамазан, Еркін, Тимур, Карина және ең кенжесі 4 жастағы Керімді «Қабылдаушы отбасы» бағдарламасы арқылы шаңырақтарына әкелген. Олардың жаңа үйге тез үйреніп кетуі үшін әсіресе аналары Аидаға көп еңбектенуге тура келіпті.

Аналарының айтуынша, балалар үйінде бар жағдай жасалғанымен, кішкентайларға таза ата-аналық тәрбие жетіспейді. Осында келген 8 ай ішінде біз соны саналарына сіңдіре алдық дейді. Дегенмен, Кумашевтар мемлекеттен бөлінетін 35 мың жалақы мен әр балаға берілетін 22 мың теңгенің аз екенін айтады. Өздері ауырлық сезінбесе де жағдайы көтермейтін отбасылар үшін қиын тиеді дейді. Мұны Мәжіліс депутаттары да мойындап отыр.

“Кем дегенде бір балаға 60-70 мың теңге бөлінуі тиіс. Егер бес бала асырап алатын болса, беске көбейтілуі керек. Мәселен, Ресейде бір балаға 16 мың рубль, яғни 90 мың теңге беріледі. Ал бізде төменгі күнкөріс дейгейінен де аз”, – дейді Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.

Айталық, балалар үйінде әр бүлдіршінге ай сайын 130 мың теңге жұмсалады екен. Сондықтан, депутат ата-аналарға берілетін қаржылай көмекті қалайда арттыру керек дейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз