Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Алматылық әйел Мәскеуде баласын 20 мың долларға сатпақ болған

Ол хабарламада баласын асырап алушылардан материалдық өтемақы керек екендігін айтқан. Әйел баласын сату үшін 20 мың доллар (шамамен 6,5 миллион теңге) талап еткен.

2018 жылы 5 сәуірде әйел сату-сатып алу мәмілесі үшін сәбиімен бірге Мәскеуге барған. Сатып алушылардың рөлінде ойнаған полиция қызметкерлеріне ол баладан бас тартуы туралы қолхат жазып берген. Сол күні мәмілеге келгендер баланың анасына ақшалай сыйлық беру үшін мәскеулік банкке барып, сол жерде әйелді тұтқындайды.

Ресей Федерациясы аумағында туған-туысқандары жоқ болғандықтан, сәби балалар үйіне орналастырылды.

Тергеу барысында тергеушілер айыпталушының қайда тұратынын, оның туған-туыстарынан жауап алу үшін және ұлдың биологиялық әкесі туралы мәлімет білу үшін Қазақстанға сұраухат жіберуге ниетті.

Қазіргі уақытта айыпталушыға қатысты кейінге шегеруге болмайтын тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу амалдары жалғасуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз