Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматылық жігіт «арандататын сурет» таратқаны үшін ұсталды

Қазір бұл фактіге байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 274-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталған.

Жедел-іздестіру жұмыстары барысында аталған ақпаратты Алматы қаласының Жакауов есімді тұрғыны таратқаны анықталып, азамат Ішкі істер департаментіне жеткізіліп, одан күдікті ретінде жауап алынды. Жауап алу барысында күдікті азамат өз кінәсін мойындап отыр.

Сол күні-ақ күдікті азамат Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 128-бабына сәйкес, Қызылорда қалалық ІІБ Уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.

Бұған дейін Қызылорда облыс ІІД қызметкерлері арандатушының іздестіріліп жатқанын хабарлаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз