Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматылық киберспортшы World of Tanks ойынында көлік ұтып алды

Екінші орындағы команда – PUSH (Қазақстан) – 2 млн теңге, үшіншіде – Asian Empire (Қазақстан) ұтысы 1 млн теңге, 4 орында Cheaters (Қырғызстан) командасы – 350 мың теңге иеленді.

Автомобильді (жеке есебінде айқаста 2750 ұпай жинаған) Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы колледжінің студенті Халит Мырзажанов иеленді. Ол желтоқсанда ғана 16 жасқа толады.

World of Tanks бойынша қазіргі әлем чемпионы Na’ Vi командасының менеждері Дмитрий Репиннің айтуынша, Орталық Азия ойыншыларының команда ішінде бір-бірімен қарым-қатынастары өте жақсы деп отыр.

«Олар ойынға қызу беріліп кеткен, алайда қажет кезінде салқынқандылық таныта алады. Сондықтан олардың ойынын тамашалау қызықты. Осы ойыншылардың болашағы зор екеніне сенімдімін. Соңында біздің команда мен осы бүгінгі біріншіліктің жеңімпаз командасы арасында шоу-матч өткізіледі», – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз