Алматы қаласында да 19 наурыздан бастап карантин режимі енгізіледі. Азаматтар мен автокөліктердің қала аумағына кіруіне және шығуына шектеу қойылады, деп хабарлайды Имформбюро 31.
Ол үшін қалаға кіреберістерде патрульдік полиция полкі мен қорғаныс министрлігі мен ұлттық гвардия бөлімшелері кезекшілік ететін 27 блок бекет орнатылмақ. Бақытжан Сағынтаев ең қажет тауарлар мен азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық дүниелерді қамтамасыз ететін жасыл дәліздің жүзеге асырылатынын хабарлады.