Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Алматыға келмеңіз!» Қопарылған қала быт-шыт болып жатыр

211

1. Өтепов көшесі Розыбакиевтен Жароковқа дейін жабық. Бауыржан Байбек бастаған батырлар бір кездері қаланың көркі болған трамвайдың рельстерін алып, оның орнына веложолақ салуға кірісіп кетіпті.

2. Райымбек батыр даңғылы – дағдарыс тудыратын даңғыл болды. Емцов пен Өтеген батыр көшелерінің арасынан жүріп өту өте қиын. Көпжолақты көшенің бір-ақ жолағы ғана ашық, мұнда күзге дейін жылу трассасын жөндеу жұмыстары жүрмек.

3. Жұбанов көшесі Сайын көшесінен Момышұлы көшесіне дейін жабық. Мұнда да жылу трассасын ауыстырып жатыр.

4. Қазір «Астана» деп аталатын ескі алаңның алдын қопарып тастаған. Мұнда жаяу аймақ салынуда, кейін бұл жерде автокөліктер үшін жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асыруға болмайтын шектеу енгізілмек.

5. Панфилов көшесінде Қабанбай батыр мен Бөгенбай батыр көшелері аралығынан енді ешқашан көлікпен өте алмайсыз. Панфилов көшесі енді опера театрынан Арбатқа дейін жаяу көшеге айналады.

6. Қонаев, Шевченко көшелерінде де «рельстерді алып тастау» деген күрделі жұмыстар жүргізілуде. Жұмыс әлі көп, бұл жолдарды жуық арада ашатын түрі көрінбейді.


https://kaz.365info.kz/taksi-bazar-almatyly-tar-tal-ar-a-ketkishterge-ashuly-eken-247208

7. Шевченконың бойындағы рельстерді алу Фурманов көшесінен Абылай ханға дейінгі аралықта да басталады. Қазір мұнда жерасты коммуникацияларын ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр.

8. Байтұрсынов пен Сәтбаев көшелерінің қиылысында жол жөндеу жүріп жатыр. Қозғалысты шектеу бұл жерге де жетпек.

9. Абай даңғылында Есентай өзенінің үстінен өтетін көпір жөнделуде. Күзге дейін қырғын кептеліс болады.

10. Ганди көшесі Фурмановтан Қозыбаевқа дейін жабық. Жол жөндегіштер жаңа асфальт төсеп жатыр. Жарқыраған «Нұрлы Тауда» тұратын, немесе жұмыс істейтін адамдарға 2017 жылдың қазан айында қиналуға тура келеді.


https://kaz.365info.kz/taksist-bolu-degen-osy-bauyrym-259971

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз