Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алматыға 4 см қар жауды

144

Қалада түнгі сағат 23:00-дер шамасында жауын жауып, арты қарға ұласқан. Кешелі бері қалада 4 см қар түскен.

«Қарбалас уақыттан соң қалада қар тазалауға арнайы 416 техника мен 1 045 жұмысшы жұмылдырылды. Қала көшелерінде 2 800 тонна көктайғаққа қарсы құм төгілді», – деді қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан.

Аудандық әкімдіктерде және қалалық әкімдікте қарды тазалау жөніндегі жұмыстарды бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

«Қазгидрометтің» болжауынша, қар 13 қарашаға дейін жауады. Қала әкімдігі көктайғақ болуы ықтимал болғандықтан, жүргізушілерге абай болуды ескертеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз