Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматыдан пәтер алуға келген тараздықты тонап кетті

Тараз тұрғыны Алматыға өзінің Toyota Camry көлігімен келген екен. Достық даңғылының бойында, Қарасай батыр көшесінен сәл жоғары жердегі дүкенге тоқтап, су сатып алуға кірген екен. Бірақ дүкеннен шыққаннан кейін сатып алған суын ішуге де мұршасы болмады: белгісіз біреулер көлігінің терезесін шағып, ішіндегі ақша салынған қапшықты қолды қылыпты.

Ұрылар аса ірі көлемдегі ақшаны алып кетті. Ол ақшаға тараздық жігіт Алматыдан пәтер алмақшы болған.

Жәбірленушінің қайғырғаны сонша, тілі сөйлеуге келмей қалған екен.

Ұрылар бұл жігіттің пәтер сатып алғалы жүргенін біліп, сыртынан аңдыған болса керек. Көлік иесінің бір сәтке көзден таса болуын күткен сияқты.

Полиция ұрыларды іздестіруде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз