ҚР БҒМ Ғылым комитетінің “Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы” мемлекеттік мекемесі сәрсенбі күні жер сілкінісін тіркеді.
4.4 магнитудалы жер сілкінісі Алматыдан 358 километр жерде Қытай аумағында 17 қаңтар күні сағат 04.25-те болған.
Зілзала ошағы 10 километр тереңдікте орналасты. Оның сезілгені туралы мәлімет жоқ.