Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Алматы автобустарындағы заңсыз жұмыс істейтін кондукторлар жағдайын жеке бақылауына алатынын мәлімдеді. Министр бұл мәселенің үкімет деңгейінде көтерілгенін атап өтті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“Кондукторлардың еңбек келісімшарты бойынша, бүгін бұл мәселені үкімет отырысында қарастырдық. Сауалнама жүргізген кезде олар расымен кондуктор болып істейтінін, ал еңбекақысын қолмақол алатындарын айтты. Ешқандай әлеуметтік төлемдерге салым салынбайды. Бұл мәселені мен жеке бақылауыма аламын. Алайда кез келген ұйымды тексеру үшін азаматтардың өздері шағымдану қажет”, – дейді Дүйсенова үкімет отырысында.
Бұл жұмыстан шығып қалған жағдайдағы төленетін жәрдемақы, декреттік төлемдерге қатысты. Қыздар төрт ай декреттік төлем ретінде еңбекақы және жыл бойы еңбекақысының 40 пайызын баланы күту бойынша жәрдемақы ретінде ала алады.
“Еңбек инспекциясымен бірге жұмыс берушілерге қайта түсіндіру қажет болды. Еңбек келісімне қол қоймау әкімшілік айыппұлдарға, тіпті қылмыстық жауапкершілікке себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты олар кондукторлармен келісімшартқа отырып, еңбекақы төлеуі керек немесе олар троллейбус пен трамвайлардағы жұмысты басқаша түсінетінін айту керек”, – деп аяқтады министр.
Еске салайық, мұның алдында Алматы мәслихатының депутаты Роза Бадаева қаладағы кондукторлардың дөрекілігіне шағымданып, автопарктерде “уақытша табысты көздейтін кездейсоқ адамдар” жұмыс істейді деп болжаған. Депутат барлық кондукторлар жолаушыларға қызмет көрсету курстарынан өтіп, жұмысы ретінде заң жүзінде тіркелу керектігін айтқан.