Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматыдағы ықшамаудандардың бірінен сегіз бірдей “Тойотаны” ұрлап кетті

111

Майгүл осыдан соң барлық жерге көлігінің ұрланғаны туралы хабарламалар іліп тастаған. Содан соң оған ұрлық куәгерлері емес, тура өзі сияқты зардап шеккендер хабарласа бастапты. Ақырында көлігінен айырылған 8 адам да Ақсай ықшамауданындағы көрші үйлерде тұратындар болып шықты. Тіпті көліктердің кейбірі учаскелік полиция ғимаратының да алдына қойылған екен.

“Көлігімді түнгі сағат үште ұрлап кетті. Өйткені сол кезде көлігімнің дабыл жүйесі екі рет қоңыраулатты. Ал таңертең машинамды таппай қалдым”, – дейді Бибіжамал Сансызбаева.

Бір қызығы бұл ауданнан ұрланған көліктердің барлығының маркасы – “Тойота”.

“Тойота” – Қазақстандағы ең танымал автокөлік маркасы. Ол өте танымал болғандықтан оны ұрланған машина ретінде сату оңай. Нөмірді өте сәтті ауыстырып жіберетін мамандар бар. Ал біздің елдің полициясының ол нөмірдің жалған не шын екенін анықтайтын мүмкіндігі төмен”, – дейді Қазақстанның тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы Эдуард Эдоков.

Әзірге полицейлер барлық әрекетті жасағанымен, ұрлықшыларды қолға түсіре алатын емес.

“Бұл көліктердің қандай мақсатта ұрланғанын және кейін қайда апарылғанын біз міндетті түрде анықтаймыз. Қазіргі кезде жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр,” – деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жыл басынан бері Алматыда 155 көлік ұрланған. Кәсіби ұрыларда көліктің дабыл жүйесін жойып, оны кілтсіз-ақ ашатын мүмкіндік бар екен.

“Зардап шекпес үшін түрлі механикалық мүмкіндіктерді пайдалану керек. Яғни, машинаны электр көзінен және қуаттан айырып тастай алатын көлік рөліне құпия батырма орнату деген секілді. Сондай-ақ, заманауи дабыл жүйесі көлікті бұғаттап тастайтын мүмкіндік береді. Олар ұрлап әкеткенімен де қожайын орнатқан жүйенің арқасында ол көлік бәрібір жүрмей қалады”, – дейді Эдуард Эдоков.

Көлікті ұрлықтан сақтау үшін оған жүрісін қадағалайтын арнайы тетік орнатып, машинаны бейнебақылау камералары бар тұсқа қою керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз