Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыдағы шипажай маңында лай көшкіні болып, электр бағандары бүлінді

“Қазселденқорғау” мемлекеттік мекемесінің басшысы Самат Дәуленқановтың айтуынша, лай көшкіні туралы мәлімет қалалық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне таңғы 05:45-те түскен. “Қазселденқорғау” мемлекеттік мекемесінің мамандары оқиға орнына жеткен уақытта, 50 текше метр топырақтың опырылғанын көрген. Соның салдарынан газ құбыры және екі электр бағаны бүлініген. Біраз уақыт Алмалы көшесі толығымен жабық болды, топырақты тазалағаннан кейін, жол қайта ашылды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Топырақты тазалау жұмыстары жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз