Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Алматыдағы LRT құрылысын кімдер жүзеге асырады

160

«Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрғасының орынбасары Айдос Көбетов Алматыда LRT желісі құрылысының жобасы қандай прициппен жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда LRT жобасы бар және оны мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша іске асыру ескерілген. Жоба екінші кезең деңгейінде тұр. Яғни жобаны жүзеге асырудың екі кезеңдік тетігі бар, бұл ретте әріптестердің өздері тиісті қаржылық-техникалық, заңгерлік шешімдерді ұсынады», – деді Айдос Көбетов Үкімет үйіндегі брифингте.

Осы орайда ол бірінші конкурстың нәтижесін жариялады.

«Бірінші конкурстың қорытындысы бойынша консорциумдағы 9 компания ішінен төртеуі өтті. Олардың құрамында Түркия, Жапония, Франция және Оңтүстік Корея бар. Атап айтқанда, бұл жоба аясында қыркүйек-тамызда екінші кезең бойынша рәсімдерді бастау көзделген. Осы ретте жоба алдында белгіленген мерзімде іске асырылмақ», – деді А. Көбетов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматыда жеңіл рельсті көлік желісін (LRT) 2023 жылы іске қосу жоспарланып отыр.

«Біз конкурстың бірінші кезеңін аяқтадық. Таяуда екінші кезеңін жариялауды жоспарлап отырмыз. 2023 жылы Төле би көшесінде LRT-ны іске қоспақпыз. Оның қашықтығы 22,7 шақырымды құрайды, 35 аялдама болады», – деді Алматы қалалық Мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Қанат Байқоңыров Алматыдағы конференцияда.

LRT желісінің құрылысын 2020 жылы бастау жоспарланып отыр. Теxникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес, жобаның инвестициялық құны: инфрақұрылым – 56 907 млн теңге (депо құрылысын қоса есептегенде), жылжымалы құрам – 36 512 млн теңге. Барлығы – 94 203 млн теңге.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз