Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыдағы көпқабатты үйдің өртенуіне қоқыс толы балкон себеп болды

Таңертең тұтанған өрт тұрғындарды да, құтқарушыларды да аяқтан тік тұрғызды. Бұл жолы элиталық «Самал» ықшамауданындағы 12 қабатты үй отқа оранған.

Жалын алтыншы қабаттағы пәтерден басталып, жоғары қабаттарға көтеріліпті. Одан 2 пәтердің түгі қалмай өртеніп кеткен. Құдай сақтап, екеуінде де адам болмады. Ал, құтқарушылар жалпы саны 60 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Оның 12-сі бала.

Сәуле Жашыбаева санаулы минутта шаш етектен шығынға батқандардың бірі. Оның ипотекаға алған баспанасы күлге айналған. Дүние-мүлкі де енді жарамсыз. Тілсіз жаудың абайсызда тұтанғанына ол сенбейді.

“Өрт әдейі қойылған. Бұл маған кектеніп жүрген көршімнің ісі. Ол алтыншы қабаттағы үйді тәуліктеп жалға береді. Соның балконынан менің пәтеріме қарай от қойған”

– дейді зардап шегуші Сәуле Жашыбаева.

Қазір оқиғаның басқа да болжамдары айтылуда. Өрт тұтанған пәтердің күнбе-күн жалға берілгенін өзге тұрғындар да растады. Сондықтан, олар апатқа сол пәтерге келіп, әбден көңіл көтерген қонақтарды кінәләйді.

“Апатқа сол пәтерді жалға алған адамдар себеп болған. Олар бірдеңені қосып, өшірмей кеткен. Содан өрт шығып отыр”, – дейді оқиға куәгері Виктория Денисова.

Өрт темекі тұқылынан тұтанған деген де болжам бар. Алайда, 2 пәтерді күлге айналдырған тілсіз жаудың нақты себебі белгісіз. Оны қазір төтенше жағдай қызметкерлері анықтап жатыр. Ал, оның қорытындысы 1 айға созылуы мүмкін.

Десе де, төтенше жағдай қызметкерлері 2 пәтер де тұруға жарамды деп отыр. Себебі, қап-қара күйе болған жерлер өртенген аумаққа жатпайды екен.

“Өрт-сөндіру бөлімшелерінің сарбаздарының айтуы бойынша, 16 шаршы метр деп тураланып тұр өрттің аумағы. /07:28/ – Күйе жағылған, ыс жағылған жер оттың қатысуымен шалынған болып саналады. Ол отқа жатпайды”, – дейді Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Баспанасыз қалған тұрғындар кінәлілердің шығынды өтеуін талап етпек. Ал, ол үшін сотқа шағым түсіруге дайын отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз