Алматыдағы “Көкжиек” ықшамауданында көпқабатты үйден өрт шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“16:03-те Алматы ТЖД” “101” пультіне Жетісу ауданы, “Көкжиек”, 32-үй мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Олар эвакуация жүргізіп, өртті сөндіріп жатыр. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады”, – деп хабарлады Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.