Сыртқы күштер араласты және мемтөңкеріс жасады дегенге бәрі бірдей сене бермейді.
«Стратегия» қоғамдық қоры Алматыдағы оқиғаларды өңір тұрғындары қалай түсіндіретінін сұрап әлеуметтік сауалнама жүргізді. Зерттеуге елдің әр өңірінен 1,6 мың адам қатысты. Нәтижесі қызық.
Көпшілігі (1,2 мың)
наразылық шараларына ел бойынша жұрт әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты шықты деп есептейді
Бұл наразылық пен қарсы көңіл-күйдің күш алуына әкеп соққан.
— Сауалнамаға қатысушылардың ашық сұраққа берген жауаптары мынадай болды: “халықтың өмір сүру жағдайының нашарлауы, азық-түліктің қымбаттауы, биліктің жұмысы халық үшін емес, тек өзі үшін”, “ақшаның жетіспеушілігі және ол халықтың көп бөлігінде қиын жағдайға тап болғанда жұрт митингіге шықты”, “азық-түліктің қымбаттауы, халық ұзақ уақыт бойы киім киюге де шамасы болмады, үндемеді, содан кейін тамақтың өзін несиеге алу шектен шыққандық”; “биліктің халық талаптарына әрекетсіздігі, өмір сапасының нашарлауы, қалалар мен аймақтардағы аз жалақы”; “төмен жалақы, жұмыссыздық, негізсіз қымбат тамақ өнімдері, әлеуметтік жағдай, байлар мен кедейлер арасындағы айырмашылық” және т.б. — деп атап өтті әлеуметтанушылар.
Осыдан кейін зерттеушілер бұл себептер Алматыдағы оқиғаларға қаншалықты тән деген сұрақ қойған.
Алдымен сауалнамаға қатысқандардың қандай үлесі алматылық оқиғаларды бақылағаны анықталған. Респонденттердің тек 4%-ына бұл оқиғалар қызықсыз болыпты, 81%-ы бақылаған, олардың 45%-ы үздіксіз бақылаған.
Әлеуметтанушылар қызығушылықтың ең жоғары үлесін БҚО, Маңғыстау, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында болды деп атап өтті.
Алматының өзінде сауалнамаға қатысқандардың 46%-ы ғана жағдайды бақылаған. Сондай-ақ, СҚО, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкентте қызығушылық танытқандардың үлесі өте төмен екені белгілі болды.
Авторлар қоғамда наразылықтардың себептері туралы да, әрі қарай не болғанын бағалау туралы жалпы тұтас түсінік қалыптаспағанын атап өтті:
Әрбір оныншы адам жауап беруге қиналатынын айтып жауап берген.
Диаграммадан көріп отырғанымыздай, экономикалық наразылық туралы Шымкент, Түркістан және Павлодар облыстарының тұрғындары көп айтады екен. Әлеуметтанушылар Алматының өзінде респонденттердің тек 38%-ы осылай ойлайды деп атап өтті.
Маңғыстау облысының нәтижелері әлеуметтанушыларды таңғалдырды, өйткені барлығы дәл сол жерде басталса да, өңір тұрғындары алматылық оқиғаларда өзінің ролі маңызды деп есептемейді.
Алайда бұл өңір тұрғындарының 60%-ы Алматыда мемтөңкеріс әрекеті болды деп есептейді. Қалған облыстарда мұндай пікір аз.
Скептиктер арасында СҚО, БҚО және Павлодар облысы көш бастап тұр, ондағылар бұл нұсқаны 16-17%-ы ғана қолдады. Алматыда бұл гипотеза да ерекше көп емес, респонденттердің тек төрттен бірі сұраққа «иә» деп жауап берген.
Алматылықтар әлеуметтік-экономикалық негізі бар деген нұсқаны растайды (38%), сонымен қатар, оқиғаларға сыртқы күштердің араласуын байқағанын да айтып отыр (36%). СҚО мен БҚО-да сауалнама нәтижелері шамамен бірдей. Сыртқы күштер гипотезасын Қарағанды, Ақмола облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан мен Шымкентте көп қарастырмайды екен.
Әлеуметтанушылар мұндай пікір алшақтығын тұрғындардың “психикалық ерекшеліктерімен” және олар тұтынатын БАҚ тізімімен түсіндіріледі деп болжады.
— Сонымен бірге, сауалнама көрсеткендей, қаңтар оқиғаларының себептері және олардың себептері туралы тұтас көзқарас, қоғамдық пікір қалыптасқан жоқ.
Нәтижесінде, 11%-ы қаңтардағы наразылықтардың нәтижесінде жағдай нашарлайды деп ойлайды, 28%-ы — ештеңе өзгермейді десе, ал 15%-ы бұл тақырыпта не ойлау керегін де білмейді
Дегенмен, жартысына жуығы (46%) жағдай жақсарады деп санайды”, — деп қорытындылады зерттеу авторлары.