Алматыдағы карантин тағы бір мәселенің басын ашты: қала сыртында тұратын жарты миллионға жуық адам мегополисте жұмыс істейді. Енді олар жұмыссыз, ал көптеген қалалық фирмалар жұмысшыларсыз қалды. Екі жақтың да болашағы белгісіз.
Алматының қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Шибутов, карантиннің шекарасы түсініксіз анықталған дейді. Оның себебін келесідей түсіндіреді:
Алматыдан кейбір қала құрамына кірген аумақтарды да бөліп тастаған
— Мәселен, Алматыдан Медеу ауданындағы Алатау ықшамауданы оқшауланған. Яғни, біріншіден бұл ауданның адамдары жұмыстарына бара алмауда, екіншіден қалаға және қаладан тауар жеткізу қызметі жұмыс істемейді, — дейді Шибұтов.
Бұл мәселе тек осы ауданның адамдарына ғана қатысты емес. Облыста тұрғанымен Алматыға келіп-кетіп жұмыс істейтін жарты миллионға жуық адам бар.
Ендігі жерде олар жұмыстарына бара алмай жатыр, сәйкесінше алматылық фирмалар да жұмысшыларсыз қалып отыр
Азық-түліктік емес тауарларды тасымалдаған жүк көліктерін де қайтарып жіберген жағдайлар болды дейді. Ол адамдарды тасымалдаған автобус болмағандықтан бұндай әрекеттердің дұрыстығына күмәнмен қарайды.
Шибұтовтың айтуынша, тағы бір проблема бар, билік облыс тұрғындарына дұрыс ақпарат бермеген. Қаланың сыртындағылар ақпарат басылымдарын оқып, теледидар көрсейтін секілді —
карантин туралы көбі білмеген. Сондықтан қалаға кіретін жолдарда үлкен кептелістер түзілді
Алайда сарапшының пікірінше, қандай да бір болжам жасауға әлі ерте.
— Біз қазір не болып жатқанын және ары қарай бізді не күтіп тұрғанын толық білмейміз. Тауарлар мен азық-түлік тапшылығы сезілмейді. Дегенмен,
жағдай шамамен бір аптадан кейін, қалалық қор таусылған кезде белгілі болады
Сол кезде жеткізу арналарын ретке келтіріп, басқа да мәселелерді шеше алды ма, білеміз, — дейді Шибұтов.
Саясатанушы Әсет Наурызбаев барлығы соншалықты қорқынышты емес деген пікірде.
— Қазір қарапайым және жылдам шешім қабылдайтын уақыт. Кез келген мәселеге қатысты сын айтып, қарсы шығып немесе қолдау білдіріп, мыңдаған дәлел келтіре алады. Бірақ бұлай болса барлық мәселе сөз жүзінде, пікірталас деңгейінде қалады, — дейді саясаттанушы.
Ол қалалық компанияларда жұмыс істейтін, облыс тұрғындары шынымен де Алматыға кіре алмай жатқанын растады. Оның фирмасы да осындай жағдайға тап болған. Бірақ Наурызбаев бұндай жағдайда басқа амал жоқ деп атап өтті.
Тауар тапшылығы болмайтынына сенімді. Тіпті уәде етілген жасыл дәліздің жұмысы реттелмесе де, жақын арада ешқандай қиындық болмайды деген пікірде.
— Карантин кезіндегі жұмыстар бірқалыпты жүргізілуде.Қандай да бір техникалық қателіктер болғанмен, үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Күн сайын үздіксіз шешім қабылдау керек. Мен әкімшіліктегі қызметкерлердің жұмысының ауырлығын түсінемін, техникалық қателер бірте-бірте түзеледі, — дейді Наурызбаев.