Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Алматыдағы дүрлігу: тұрғын үйге сұраныс рекордтық деңгейге жетті

122
Сурет; Максим Золотухин

Алматының тұрғын үй жылжымайтын мүлік нарығында дүрлігу байқалуда. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2020 жылдың қазан айында оңтүстік мегаполисте 5 866 тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесі жүзеге асырылған. Сатылым көлемі кем дегенде 2019 жылдың басынан бастап бұндай деңгейде болмаған еді. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы орташа деңгей мен 2019 жылдың қазанымен салыстырғанда мәмілелер саны 55%-ға өсті.

Алматы тұрғын үйге сұраныс деңгейі ең жоғары қала болып отыр

Ең үлкен бәсекелесі – Нұр-Сұлтан. Бірақ қазан айында елордада сату көлемі 4 321 бірлікті құрады, бұл Оңтүстік мегаполиске қарағанда 26,4%-ға аз. Жалпы, соңғы рет бір жарым жыл бұрын (2019 жылдың ақпан айында) тұрғын үйге деген сұраныс Алматыға қарағанда жоғары болды.

Белсенділік рекордтық деңгейге жақын

Қазақстанның тағы бір өңірі Маңғыстау облысында тұрғын үйге деген сұраныстың артқаны байқалады. Қазан айында мұнда 1 528 пәтер мен үй сатып алынды – бұл кем дегенде 2019 жылдың басынан бергі ең жоғары нәтиже. Салыстыратын болсақ, 2019 жылдың қазан айында 1 152 мәміле жасалды, 2020 жылдың алғашқы 9 айында – орташа есеппен 1 030 мәмілеге қол қойылған. Сонымен қатар, өте жоғары белсенділік:

  • Қарағанды облысында – 3 497 мәміле
  • Қостанай облысы – 1 636
  • Батыс Қазақстан облысы – 1 300
  • Шымкентте (1 646) байқалады

Қазақстанда ағымдағы жылдың қазан айында  32 913, ал 2019 жылдың қазан айында республикада 31 092 пәтер мен үй сатылған.

Көбінесе Нұр-Сұлтандағы нарық тұралап қалды

Соңғы айдағы дүрлігуге  қарамастан, әзірге 2020 жылы мәмілелердің жалпы көлемі өткен жылдың деңгейінен артта қалып отыр. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 10 айда Қазақстанда 245,9 мың мәміле жүзеге асырылды. Бір жыл бұрын  — 20,4 мың сатылымға артық болған. Осылайша,

жалпы белсенділік 8%-ға төмендеді. Бұл көктем айларындағы сәтсіздіктің салдары

Ол кезде нарықтағы белсенділікке карантин қатты кедергі болды.

Қазақстанның төрт өңірінде ғана көрсеткіш 2019 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда жоғары болды. Бұл:

  • Атырау облысы (6 128 бірл. +3%)
  • Батыс Қазақстан облысы (9 511 бірлік + 3%)
  • Қызылорда облысы (6 107 бірлік, + 5%)
  • Маңғыстау облысы (10 801 бірлік, + 1%)

Алайда, тұтастай алғанда, бұл аймақтарға республика бойынша барлық мәмілендің шамамен 135-і ғана келеді, сондықтан кейбір өсу (шамалы) жалпы республикалық үрдісті өзгерте алмайды.

Нарық неғұрлым тұралап қалған өңірлерге келетін болсақ,  Нұр-Сұлтан қаласы сөзсіз көшбасшы болды. Бір жыл ішінде нарықтағы белсенділік 16%-ға төмендеді, мәмілелер көлемі 35,7-ден 29,8 мың бірлікке дейін қысқарды. Шығыс Қазақстан облысында да елеулі шығындар байқалады, сату 4 360 бірлікке дейін (18 090 бірлікке дейін), немесе 19%-ға қысқарды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз