Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-8
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Алматыда жыраулар шығармашылығы сөз болды

554

Жиынды ҚР ЖОО қауымдастығы, қалалық әкімдік ұйымдастырды.

Сөз алған тарихшы, әдебиеттанушы ғалымдар ХІҮ ғасырдағы Сыпыра жыраудан кешегі Махамбет, Сүйінбайларға дейінгі жыр тарландары жыраулар әулетінің шығармашылығы туралы зерттеу жұмыстарымен, тың деректерімен бөлісті.

«Қазақ хандығы шаңырақ көтеріп әлем тарихынан орын алуына Керей мен Жәнібектің еткен еңбегі қандай зор болса, сондай ерен құбылысты дәл қалпында бейнелеген жыраулар шығармашылығының маңызы да соншалықты. Аталған тарихи тұлғалардың іс әрекеті 15-16 ғасырларда ірі тарихи оқиғалармен байланысты болса, олар туралы жыраулар дәл баға беріп отырған. Осы орайда сұңғыла шешендіктің арқасында ханның мысын басып, халық тілегін жеткізетін жыраулар еді. Хандық дәуірдегі жыраулар шығармашылығының бір ерекшелігі – оларда кездесетін фольклор үлгілері, аңыздар тарихта болған жайттармен тығыз байланысты.

Жыраулар шығармаларындағы кейіпкерлер ел тарихындағы елеулі тұлғалар болып келеді. Әр жырау өз заманының тамырын дөп басқан. Мысалы Сыпыра жыраудың жырларында  Шыңғыс хан, Әмір Темір есімдері кездессе, қазақ хандығының дәуіріндегі жырауларда Абылай, Керей мен Жәнібек аттары кездеседі. Асан қайғы шығармаларының  бас обьектісі –  Әз Жәнібек», – деді М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті Уәлихан Қалижанов.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жұмат Тілепов 14-19 ғасырлардағы жыраулар мұрасы туралы тың деректерімен бөлісті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз