Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыда жылу жүйелерін жөндеуге байланысты жолдар жабылады

Алдағы уақытта инженерлік желілерді жөндеу жұмыстарына орай өткен кеңейтілген жиында Алматы әкімі Бауыржан Байбек жайсыздықты барынша азайту үшін уақытша сызбалар арқылы қала тұрғындарын жылы сумен тұрақты қамтамасыз етуді тапсырды.

Биылғы жылы жылу жүйелерін модернизациялау жұмыстары Бөгенбай батыр, (Мұқанов/Әйтиев), Жамбыл (Пушкин/Назарбаев), Қазыбек би (Уәлиханов/Абдуллиндер), Қарасай батыр (Наурызбай батыр/Чайковский), Төле би (Варламов/Өтеген батыр/Отар), Чайковский (Қарасай батыр/Төле би) және Шагабутдинов (Құрманғазы/Орталық стадион) көшелерінде жүреді.

Алматы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев өзінің сөзінде қазіргі кезде әр участок бойынша нақтылы кесте жасалғанын, техника мен жұмысшыларының санының анықталғанын айтты.

Қайта жасалатын барлық объектілерде мердігерлік ұйым туралы ақпарат бар паспорт, тиісті жол беліглері болады және жүргіншілер үшін қоршаулар қойылады.

Ол көптеген нысанда реконструкциялауды шілде айының соңында аяқтаудың жоспарланғанын, ал кейбір күрделі және ұзын учаскелерде жұмыстың тамыз айында бітетінін айтты. Жұмыс барысында жақын орналасқан аймақ міндетті түрде абаттандырылады.

Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы бұрын жөнделген учаскелердің жол жиектеріндегі топырақтың шөгуін зерттеуді бастады, олар кепілді міндеттеме ретінде мердігер арқылы қалпына келтіріледі.

Айта кетерлігі, Алматыда 2018 жылы 157 көшені жөндеу жоспарланған. Алматы реконструкциясы аясында қаланың бірқатар маңызды даңғылдары жаңарады, соның ішінде Абай, Абылайхан, Назарбаев даңығлдары және басқалары бар.

Бұрын жөнделген 455 аула алаңдарына қоса биыл қаланың барлық ауданында тағы 585 аула жаңарады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз