Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-15
USD
500
+0.96
EUR
526
+1.55
RUB
4.62
-0.13

Алматыда жылу магистралінің жарылуы: Көлемі ойлағаннан ауқымды болып шықты

Еске салайық, кеше, 23 қарашада Алматыда Райымбек даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысы маңында жылу магистралі жарылған еді. Алматы ТКШ және энергокешен кәсіпорындарының өкілі Ян Гириннің сөзінше, құбыр жарылғаны 15:40-та хабарланған.

“Бұл жылу магистралінің диаметрі 800 миллиметр. 1990 жылы пайдалануға берілген. Пайдалану мерзімі аяқталды. Мұндай құбырлар 25 жылға есептелген. Алдын ала себеп – ескіру. Нақты себебі кейін белгілі болады. Жылу беру бірден тоқтатылды. Зардап шеккендер жоқ. Әзірге шығын көлемін анықтау мүмкін емес. Су басқан жерлер болуы мүмкін. Қандай да бір зиян келген болса, бекітілген тәртіп бойынша өтейміз”, – дейді ол.

Ян Гириннің мәліметінше, 100-ге жуық нысанға ыстық су мен жылу беру тоқтатылды. Оның шінде 4 мектеп пен 2 балабақша, дегенмен, басым көпшілігі тұрғын нысандары емес (қоймалар мен өзге де нысандар). Жол жүру тоқтатылған жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз