Алматыда қазан айының басында жоғалып кеткен 28 жастағы Ольга Городецкая Мәскеуден табылды, – деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Еріктілердің айтуынша, екі баланың анасы Ресей территориясында ауруханадан табылған.
“Ольга Городецкая табылды. Келіншек тірі, ауруханада, Мәскеуде. Еріктілер Ольганың туыстарымен және Қазақстанның РФ-дағы Консулдығымен бірігіп, Ольганы таяу уақытта үйіне қайтарып, осы іс бойынша барлық сұраққа жауап береді”, – деп жазды ерікті Ислам Угушев Facebook желісіндегі парақшасында.